Әлеуметтік саясаты әлсіз елде ипотека осылай қымбат болады. Бүгін Алматыда хостел жағалағандардың 13-і қайтыс болды. Өкінішке қарай, олардың ішінде шет елден келіп білім алушылар бар.
Ипотекалық несиенің пайыздық мөлшерлемесі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан анти-көшбасшылардың ондығына кіреді.

2022 жылдың қорытындысына қарағанда, Қазақстанда тұратын бір адамға (тұрғын үймен қамтамасыз ету) 23,4 шаршы метрден келеді.
Көрсеткішті өткен жылмен салыстырғанда, небәрі 0,9%-ға артық. Бұл мән БҰҰ стандарттарынан (30 шаршы м.) айтарлықтай төмен.
Қараңыздар, көрші Ресейде тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі (бір адам) қазірдің өзінде 28 шаршы метрден асады. Ұлыбританияда – 35 ш. м, Францияда және тіпті халқы тығыз қоныстанған Жапонияда – 39 шаршы метр. Германияда – 46 ш.м. м, АҚШ-та – 68 ш. м, ал Австралияда – 89 ш. м.
Біздің елімізде баспана да, ипотека да өте қымбат.
Қолында қаржысы жоқ жұрт ипотекалық несие алмағанда не істейді?
Алматы мен Астанада, облыс орталықтарында қаншама тұрғын үй салынып жатыр. Бірақ баға төмен түспейді.
Қайбір жылы Алматының шаршы метр құны Лондонмен деңгейлес тұрған. Әлі де сол межеден түскен жоқ.
Мысалы, Әл-Фараби бойындағы пәтерлердің шаршы метрі 500-100000 теңге аралығында. Бұған енді қарапайым халықтың қолы жете ме? Сондықтан қымбат болса да ипотека тұрғын үй саясатының құрамдас бөлігіне айналуда.
«Отбасы» банкінен басқа елдегі 21банктің 12-сі ипотекалық өнімдерді ұсынуға дайын. Осы айда «кәдімгі» ипотека бойынша, яғни банктік серіктестік немесе жеңілдігі бар мемлекеттік бағдарламалардан тыс несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 15%-дан 26,5%-ға дейін ауытқиды.
Сарапшылар «бұл ең төменгі көрсеткіш, жиынтығы бұдан да қымбат болуы ықтимал», – деп хабарлайды TengeLife