Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Отставкаға дейінгі 30 күн: Бақыт Сұлтанов нені дұрыс істемеді?
Саясат

Отставкаға дейінгі 30 күн: Бақыт Сұлтанов нені дұрыс істемеді?

Таңшолпан Төлеген
Таңшолпан Төлеген 22.08.2022
Обновлено 22.08.2022 в 04:08
Поделиться
Поделиться

Бақыт Сұлтановтың сауда министрі қызметінен босатылуы президенттің министрлер кабинеті мүшелері тиімділігі туралы пікірі қоғам пікірімен сай келген кезде болды. Бұл — сирек кездесетін жағдай.

Мазмұны
Көкөніс қоймасы сарай бағасымен бірдейМинистр кімнің экономикасы үшін жұмыс істеп отыр?Бал жейтін министр

ALEM RESEARCH аналитика компаниясы дерегі бойынша, Бақыт Сұлтанов отставкаға кетерінен 29 күнтізбелік күн бұрын БАҚ пен әлеуметтік желілерде өзінің аты аталғандардың іішнен төрттен бірінен сәл аз негатив жинаған. Мұндай теріс нәтиже кейде 20-25% болады, бірақ ол жоғары лауазымды адамдарда кездеседі. Дегенмен негатив реңктегі мыңдаған материал, пост пен комментариді өзінше бір рекорд деуге келеді. Министрлердің орташа реакорды әдетте 100-200 болады.

Көкөніс қоймасы сарай бағасымен бірдей

ALEM RESEARCH аналитиктері Бақыт Сұлтанов айналасындағы ақпараттық фонындағы аномалды алғашқы негатив құбылысы шілде айының ортасында байқалғанын айтады. Бұл кезде Сұлтанов президенттен азық-түлік инфляциясының өсу қарқынын бәсеңдетпегені үшін сөгіс алып еді. Бақыт Сұлтанов сөгістің әділ екенін айтып, енді не шара қабылдайтынын БАҚ-қа жеткізді.

Мен шенеуніктер әлеуметтік желі күшін бағаламайтынын бұған дейін жаздым. Онда барлық сала маманын табуға болады. Олар толық ақпараттан хабарсыз болса, іздеу жүйелерін қолданудан тартынбайды. Сондықтан «жол қуған кәдеге жолығады, сөз қуған бәлеге жолығады» деген халық даналығын елең қылмайтын шенеуніктерге сөйлер алдында ойлану керек.

Бақыт Сұлтанов мұның бәрін керісінше істеді. Ол мәселе көтерме-тарату орталықтары құрылысы аяқталғаннан кейін шешілетінін мәлімдеді. Ал ол орталықты бітіру үшін МЖӘ аясында мемлекет міндеттемелерін орындау үшін қосымша 54 млрд теңге ғана бөлу жеткілікті екенін айтты.

Әлеуметтік желілер сұралған сома бюджет есебінен және мемлекеттік меншікке берілген көтерме-тарату орталықтары (КТО) Астана мен Шымкентте сатып алу құнымен сәйкес келетінін мәлімдеді. Бұл 2015 және 2017 жылдар болды. Сондықтан қисынды сұрақ туындады: сол кезде жұмсалған бюджет қаражаты осы қалалардағы бағаға қалай әсер етті?

Сондай-ақ, КТО жобасы бойынша жалпы ақпарат шықты. 2021 жылы жасалған шарт бойынша, жеті орталық құрылысына 413 млрд теңге жұмсау жоспарланып жатқаны белгілі болды.

Әлеуметтік желілерде бір көкөніс қоймасы құрылысы үшін мемлекет не себепті 60 миллиард теңге төлеуі керек екені туралы дау шықты. Өйткені бұл жағдайда бір шаршы метр құны 3 мың долларға жуық боп тұр. Жұмсартып айтқанда, бұл таңғалдырды.

Министр кімнің экономикасы үшін жұмыс істеп отыр?

ALEM RESEARCH компаниясы өте қауіпті тенденция бар екенін айтады. Әлеуметтік желілер бұрыннан қоғамды дүр сілкіндіру қуатты құралына айналды, ал баспасөз қызметтері оларды мүлдем елемеуді жөн көреді. КТО жағдайындағыдай, құнның неге бұлай екеніне жауап берілмеді. Демек Қазнетте «үнсіз қалса, демек жасыратыны бар» деген берік түсінік қалыптасты.

Бұл шілде айының соңында байқалған екінші негатив құбылысқа да қатысты.

Баспасөз қызметі министрдің Өзбекстанға жасаған сапары нәтижесі туралы есеп берді. Кәсібилік төмен болды ма, әлде о баста солай жоспарланғаны белгісіз, Бақыт Сұлтановтың сапары нәтижесі мынадай болды:

  • министрдің қол астындағылар арзан шие алу үшін Өзбекстан базарлары мен бау-бақшаларын аралап шықты;
  • Бақыт Сұлтанов қол астындағы адамдар ұсынған шиені жеткізуге өзбектермен жарты миллион долларға келісімшартқа қол қойды;
  • бір қазақстандық компания отандық шие мен өзбек шиесін араластырып, арабтарға сатады;
  • Бақыт Сұлтанов бюджеттен «экспортты ілгерілетуге жәрдемдесуге» 50 млрд-тан астам қосымша қаражат сұрап, жұмсалған әрбір теңге өзін ақтайтынына сендірді.

Шие туралы алғашқы хабарламадан кейін Қазнет 3 сағат бойы таңғалды. Содан кейін терісі жарылды. Қолданушылардың болжамы мен тұжырымын қорытындылар болсақ, мынадай екі негізгі тармақ шығады.

Біріншісі — ол министр ме, әлде алыпсатар ма? Мұндай схемамен кез келген базардағы кез келген делдал жақсырақ жұмыс істей алады. Өйткені бұл салада жүргеніне ұзақ уақыт болды әрі Сұлтановқа қарағанда жақсырақ саудаласады.

Екіншісі — Сұлтанов шынымен біздің ел игілігі үшін жұмыс істеп жатыр ма? Өзбектер өз экономикасына құйылған 50 миллиард үшін Бақыт Сұлтановқа медаль тағуы керек.

Тағы да министрліктің баспасөз қызметі де, Бақыт Сұлтановтың өзі де әлеуметтік желілердегі сынға жауап бермейді. Ал Қазнет сауда министрінің мүлдем тиімсіз екенін айта отырып, оның бұрынғы лауазымдарда да қызметінің нәтижелі болғаны шамалы екенін жеткізе бастады.

Бал жейтін министр

Бақыт Сұлтановтың отставкаға кетуі туралы хабарламаға негативтің соңғы серпіні келіп түсті. Аналитиктер мұндай резонанс Үкімет мүшелерінің бірде-бір отставкаға кетуінде байқалмағанын айтып өтті.

Айтпақшы, Бақыт Сұлтановты шындықты білмейді деп те сынға алды. Адамдар кезекте тұрып, сатушылар қантты дүкен сөрелеріне қоймай жатып келісін 600-800 теңгеге төбелесіп сатып алып жатқанда, бұрынғы министр жақында ғана қантты келісін 470 теңгеден сатып алғанын, ал қазір ол 480 теңгедей тұратынын айтып отырды.

Әрине, оның қант тапшылығының қорқатын түгі жоқ екенін, министрдің өзі сияқты шайды бал қосып ішуге болатыны туралы айтқаны да оқиға ішіне кіреді. Әлеуметтік желіге комментарий жазғандардың бірі сияқты «шайды балмен ішетін министр» дегеннен артық теңеуді ешкім бере алмайды.

Тағы бір нюанс бар. «Бал» туралы барлық қалжыңды былай қоя тұрған күннің өзінде Бақыт Сұлтановтың отставкасынан кейін комментарий жазғандардың басым көпшілігі жақын арада ол тағы бір лауазымға көтерілетініне сенімді. Ол «суға салса, батпайтындардың» қатарынан. Себебі «Жаңа Қазақстан деген — бағаның көтерілуі ғана, ал қалғаны баяғыдай».

Мұхтар Абаев

ТЕГи: Главное
Таңшолпан Төлеген 22.08.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?