Үкімет өз қызметінің ақпараттық қолдау форматын біртіндеп қысқарта бастады. Бұл туралы белгілі саясаткер Данияр Әшімбаев өзінің телеграм-арнасында былай деп жазды:
«Осыған дейін үкімет отырысында талқыланған әрбір мәселе екі релиз түрінде жүретін. Біріншісі – премьер-министрдің маңызды тапсырмалары мен мәлімдемелерінен тұрса, ал екіншісі – министрлердің сөйлеген сөздерінің толық мазмұнын жеткізетін.
Соңғы кездері екінші релиз жоқ болып кетті, бұған қоса премьер-министр орынбасарларының (Қойшыбаевтан басқа) қызметін көрсету де жайына қалды. Үкіметтің отставкаға кетуі қарсаңында орынбасарлардың онша жұмыс істемейтінін, жалпы маңызды рөлге ие еместігін, сол себепті олардың ешқайсысына үкімет басшысы бола алады деп қараудың қажеті жоқ екендігін көрсеткісі келген секілді. Қараңыздаршы – премьер-министріміз қандай керемет».