ЮНЕСКО «Жібек шаруашылығы және тоқуға арналған жібектің дәстүрлі өндірісі» және «Қожа Насырдың әзілдерін әңгімелеу дәстүрін» дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізді. Бұл туралы шешім Марокконың Рабат қаласында өткен ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра жөніндегі мемлекетаралық комитетінің 17-отырысында қабылданды, деп хабарлады «Озоди Радиосы».
Бірінші өтінішті Тәжікстан, Әзірбайжан, Ауғанстан, Иран, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан, екіншісін Тәжікстан Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан бірге тапсырды.
«Жібек тоқымашылығы дәстүрі» мен «Қожанасыр әзілдерін әңгімелеу дәстүрінің» дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне қосылғаны тәжік халқының бай да көне мәдениетін халықаралық деңгейде насихаттау және қорғау жолындағы маңызды жетістік»,
дейді Тәжікстанның сыртқы министрі.
Қожанасырдың өткір әрі күлкілі қалжыңдары мен әжуалары түркі және парсы халықтарына арасында кеңінен тарап, жағымды образға айналған. Қожанасыр туралы әңгімелер бүкіл Орталық, Кіші және Алдыңғы Азия, Араб елдері, Грекия, Румыния, Сербия, Еділ бойы, Кавказ халықтары фольклорында кездеседі, онда Қожанасыр Молла Насреддин, Қожа Насреддин, Насреддин Әпенді деген аттармен кең тараған.