Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Білім > «Пәк қыздар» тізімі: ҚазҰУ басшылығы журналистерді жолатпауда
ОқиғаБілім

«Пәк қыздар» тізімі: ҚазҰУ басшылығы журналистерді жолатпауда

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі 14.02.2024
Обновлено 14.02.2024 в 05:02
Поделиться
Фото: freepik
Поделиться

Әл-Фараби атындағы қазақ улттық университетінің механика-математика факультетінің «студенттердің пәктігі» жөніндегі жеке деректері жарияланған. Бұл жөнінде Qumash телеграм арнасында хабарлады. 

14 ақпанда Masa Media тілшісі университет басшылығы және студенттермен тілдесу мақсатында оқу орнына барды. Факультет өкілдері басшылыққа сілтеп, қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Күзетші Қуат Қырықбаев басшылықтан «ішке журналистерді кіргізбеу» туралы нұсқау түскенін айтты. 

Фамилиясын айтудан бас тартқан Нартай есімді ректорат күзетшісі университеттің баспасөз қызметінің өкілі Алмат Исаділдің шықпайтынын мәлімдеді. Исаділ оған телефон арқылы журналистер сұрағына Жастар ісі бойынша департамент басшысы Жұлдыз Дәпенова жауап беретінін жеткізген. Masa Media тілшісінің “Дәпеновамен қалай байланысуға болады?” деген сұрағына күзетші оның ұялы телефоны жоқ екенін, жұмыс телефонын ешкімнің көтермейтінін айтты. Біраз уақыттан кейін “Жұлдыз Дәпенова қазір өзге БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп жатыр, қашан келетіні белгісіз” деді. 

Мasa Media тілшісі сөйлескен механика-математика факультетінің студенттерінің кейбірі жарияланып кеткен жеке деректер жөнінде білмейтінін айтса, енді бірі тізімді көріп, таң қалғанын жеткізді. Бірақ барлығы студенттер чатында флюрографиядан өту туралы тізім тарағанын растады. 

Тізімді көріп, таң қалдым. Бізді осыған байланысты деканатқа шақырып, ешқандай жиын өткізген жоқ. Мүмкін қыздарды шақырған шығар. Ол жерде негізінен қыздардың аттары ғой,

деді аты-жөнін атағысы келмеген факультет студенті. 

«Мехматта» оқып жатқан қыздарды да сөзге тартып көргенімізде, олар әзірге деканат тарапынан ешқандай жиын, ескерту болмағанын айтты. 

Азаттық радиосына университет өкілі жарияланып кеткен жеке деректерге байланысты «студенттер тарапынан ешқандай шағым түспегенін» мәлімдеген. 

Аталмыш жағдайға байланысты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те түсініктеме берген. Ол жеке деректердің жарияланып кетуі заңсыздық екенін айтып, мәселе бақылауға алынғанын айтқан. 

Университет басшылығы бұл факт бойынша қызметтік тексеріс тағайындалғанын хабарлаған. 

Университетке медициналық қызмет көрсететін Smart Health University ЖШС 2024 жылы 6 ақпанда «WhatsApp мессенжері арқылы флюрографиядан өтпеген механика-математика факультетінің студенттерінің тізімі жазылған құжаттарды Excel форматы арқылы жіберген. Алайда құжаттарда студенттердің аты-жөні туралы ақпараттан бөлек, дәрігерлік құпия саналатын мәліметтер де болған. Бұл факт бойынша 2024 жылы 14 ақпанда қызметтік тексеріс тағайындалды және студенттердің құқықтарын қамтамасыз ету үшін Алматы қалалық прокуратурасына жөнелтілді,

деп жазылған Qumash телеграм арнасына жариялаған университет жауабында. 

13 ақпанда Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетіндегі старосталар чатына 200-ге жуық студенттің жеке дерегі жазылған құжат жіберілгені жөнінде ақпарат тараған. Онда студенттердің аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі, телефон нөмірлерінен басқа гинекологиялық деректер (оның ішінде студенттердің пәктігі жөнінде мәлімет те бар) болған. Кейін бұл дерек мессенжерлерде тараған.

ТЕГи: Главное, Қазақстан
Сайт Әкімшілігі 14.02.2024
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?