Пәкістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 30 адам қаза тапты

Пәкістанның оңтүстігінде пойыздың рельстен шығып кетуінен 30 адам қаза тауып, 100-ге жуық адам жараланды. Бұл туралы BBC хабарлайды.

Хазара экспрессінің бірнеше вагоны Карачи қаласынан 275 км (171 миль) жерде Навабшахтағы Сахара теміржол вокзалының жанында аударылды. Зардап шеккен жолаушылар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Құтқару топтары үйінді астында қалған адамдарды шығаруға тырысуда. Пәкістанның ескірген теміржол жүйесіндегі апаттар сирек емес. Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбадан апат орнында ондаған адамның болғанын, кейбір жолаушылардың аударылған вагондардан шығып жатқанын көруге болады.

Олар көмектес деп қатты айқайлады. Мен не істерімді білмедім. Жақын маңдағы арнадан су алып, ес-түссіз жатқандар есін жинап қалар деген үмітпен беттеріне су құйдым,

деді жолаушы Насер Ахмед.

Насер «поезд рельстен шығып кеткен кезде терезеден құлап кеткендіктен» апаттан аман қалғанын айтты.

Темір жол министрі Саад Рафик алғашқы тергеулер пойыздың қалыпты жылдамдықпен жүргенін көрсеткенін және рельстен шығудың себебін анықтауға тырысып жатқанын айтты. Бұл механикалық ақаудың немесе саботаждың нәтижесі болуы мүмкін, дейді ол.

Карачидегі теміржол өкілі сегіз вагон рельстен шығып кеткенін айтты. Оның айтуынша, оқиға орнында құтқарушылармен бірге әскерилер және әскерилендірілген жасақтар пойыз вагондарының ішінде қалып қойған жолаушыларды шығаруға көмектескен. Ең ауыр жарақат алған жолаушылар әскери тікұшақтармен алыстағы, жақсырақ жабдықталған ауруханаларға жеткізілді.

Шенеуніктердің айтуынша, құтқару жұмыстары жексенбі күні кешке аяқталды.

Навабшах пен Синдтің көршілес аудандарындағы негізгі ауруханаларда төтенше жағдай жарияланды. Синдтің ішкі аймағында пойыз қозғалысы тоқтатылды.

 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago