Қаржы мониториң агенттігі журналист Михаил Козачковтың үйін тінтуге қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Журналистер мен құқыққорғаушылар Михаил Козачковтың пәтерін тінту кезінде процессуал нормалар сақталмағынын, тіпті пәтеріне адвокатын кіргізбей қойғанын айтқан болатын. Осы және басқа да бірқатар құқықбұзушылыққа байланысты президентке үндеу жолдады.
Алайда Қаржы мониториң агенттігі журналистің пәтерінде тінту ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 254-бабының талаптары бойынша жүргізілгенін мәлімдеп отыр.
Оны жүргізудің негізділігі мен қажеттілігін тергеу соты тексеріп, қорытындысы бойынша санкция берілді. Бұл тергеу әрекеті пәтер иесінің тікелей пәтерде болған кезде, куәгерлермен жүргізілді. Тінту барысы бейнекамераға түсірілді. Өтініш қорғаушылардың қатысу қажеттілігі айтылмаған,
деді ҚМА өкілдері.
Еске салайық, танымал журналист Михаил Козачков 18 желтоқсанда ұсталды. Бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растады. Ол Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдікке ілінген. Бас прокуратура журналиске қатысты тергеуді тексеруді бастады.