Алматыдағы Абай даңғылы мен Сейфуллин көшесінің қиылысында шатыр (палатка) пайда болды. Онда студент тұрады.
Қаладағы университеттің бірінің студенті бұл әрекетімен жалдамалы пәтердің қымбат екеніне наразылығын білдіргісі келген.
Студенттің мұнда қанша уақыт тұруды жоспарлағаны әзірге белгісіз. Алайда ауа райын ескерсек, оған мұнда ұзақ түру қиынға соғады. Оның үстіне алда сессия келе жатыр…