Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары» ЖШС өкілдіктерінің бұрынғы директоры Жүсіпов М. 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Ол мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына аса ірі мөлшерде дәнді дақылдарды жымқыру фактісі бойынша қылмыстық жауаптылықтан жалтару үшін 350 мың АҚШ доллары сомасында пара беру бойынша күдіктенді.
Осы үкіммен пара беруге итермелегені және алаяқтыққа оқталғаны үшін И. Барабаш пен Т. Демесинов әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.