Categories: Денсаулық

Парацетамол тапшы: Бірер аптаға жететін қор қалды

Солтүстік Қазақстанда қазан айынан тұмау жағдайлары тіркеле бастады. Былтыр толық эпидемиологиялық маусымда В типті жұқпаға шалдыққандар саны 35 адам болған. Ал биыл 3 айдың ішінде 245 адам тіркеліп отыр. Мамандар мұны пандемия кезінде халықтың сақтық шараларын барынша сақтауымен түсіндіріп отыр. Карантиндік шектеу алынғаннан кейін жұқпалы аурулардың таралуы да күрт артты. Адам жедел респираторлы вирустық инфекция мен тұмауға шалдыққанда дене қызуы көтерілетіні белгілі. Дәрігерлер мұндайда бірінші кезекте парацетамол ішуге кеңес береді.         

Петропавлда парацетамол тапшы. Аталған препаратты қаладағы 200-ге тарта дәріхананың біреуінен ғана табуға болады. Фармацевттердің айтуынша, қазіргі қор бірер аптаға ғана жетеді. Ал өңірде тұмау өршіп тұр. Аталған жұқпаға шалдыққандар саны өткен жылмен салыстырғада 7 есеге көбейген. Дәрінің келесі партиясы қашан келетіні беймәлім.                                    

Парацетамол Қазақстанға негізінен Ресейден әкелінеді. Оның еупропалық баламалары 15-20 есе қымбат. Фармацевттердің айтуынша, қазір парацетамол ең жоғары сұранысқа ие дәрілердің бірі. Тапшылықтың туындауына сұраныстың артуы да себеп болып отыр. Дегенмен баға қымбаттаған жоқ. Препарат 85 теңгеден саудалануда.

Мамандар күніне 300-400 данасын сатады екен. Іздеп келетіндер көп. Дәрі-дәрмек тапшылығы болатынын болжап, күзде көп алып қойған. Сауда осы қарқынмен жүрсе, ол 2-3 аптаға жетуі мүмкін.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің облыстық департаменті жүзеге асырады. Мамандар  қолайсыз ауа райына байланысты дәрі-дәрмектің кезекті партиясы өңірге дер кезінде жетпей қалғанын айтты.

Алайда Петропавлда парацетамол тапшылығы желтоқсан айының ортасында басталған болатын.

Департамент көтерме және бөлшек сауда желісінде дәрілік заттардың (антипиретикалық, қабынуға қарсы, вирусқа қарсы) болуын апта сайын тексеріп, мониторинг жүргізеді. Осы мониторингке сәйкес ацетаминофен препаратының тапшылығы байқалады. Алайда, құрамында ацетаминофен және парацетамолдың дозасы бар аралас дәрілік заттар бар. Сондай-ақ, арзан аналогтар бар.

СҚО аумағындағы қоймалар — Алматы, Қарағанды қалаларының ірі дистрибьютерлерінің филиалдары. Қазіргі уақытта ауа-райына байланысты кешіктірілетін парацетамол препаратын жеткізу күтіліп отыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago