Categories: Маңызды

Павлодар облысында бірден 300 дәрігер есі ауысқан деп танылды

Енді облыстық психоневрологиялық орталықтың қызметкерлері ақыл-есі сау екенін дәлелдеуге мәжбүр болып отыр. Оларға жүйке жүйесі бұзылған деген диагноз қойылған екен.

Әлде кімдер ақшаны жымқырудың осындай әдісін ойлап тауыпты. Психоневрологиялық орталықтың қызметкерлері осылайша  әп-сәтте ақыл-есі ауысқандар қатарына қосылып, емделген болып шыққан.

Бірден 300 қызметкер DamuMed жүйесі арқылы SMS-хабарлама алған. Хабарламада денсаулық жағдайы жақсарғандығы айтылып, елорданың психиатриялық оңалту орталығынан аман-есен шығарылғаны туралы жазылған.  DamuМed базасында барлығында бір диагноз. «Жүйке жүйесі жұмысының бұзылуы». Басқаша айтқанда, психиатрлар мен орта медициналық қызметкерлердің өздері психикалық ауытқуы бар науқастардың тізімінде болған.

Ең сорақысы, аталмыш қызметкерлер ресми мәліметтер базасында «Ф» белгісімен бекітілген. Яғни, болашақта олар жұмысқа орналаса алмай, тіпті кәдімгі жүргізуші куәлігін ала алмауы мүмкін.

Шындығында, Павлодар психоневрологиялық орталығының бірде-бір қызметкері бұндай ауруға шалдықпаған. Нұр-Сұлтанға ем қабылдауға бармаған. Қиын еңбек жағдайына байланысты дәрігерлерге стрессті жеңілдететін тиісті шаралар еңбек заңнамасында жазылған. Мысалы психотерапия немесе релаксация. Алайда бұл шаралардың қойылған «жүйке жүйесі жұмысының бұзылуы» диагнозына қандай қатысы бар?

Дәрігерлер мұндай ессіздіктің орын алғанына әлі де аң-таң. Мұндай жалған емдеу курстарын ойлап тауып, оларды «Ф» белгісі бар психикалық ауытқуы бар науқастардың қатарына енгізу, әрине біреулердің қалтасына қажет болған таза махинация.

Енді қызметкерлер болашақтары үшін алаңдап отыр. Аталмыш диагнозбен тіпті емханаға баратын жол жабық. Ал жұмысқа тұру туралы ұмытуға болады.

Дәлелдей аламыз ба? Бұл қиын. Мұндай диагнозды алып тастау үшін сотқа жүгіну керек. Ол жағын сұрастырдық. Бұл деректер E-gov, «ДамуМед» сайттарында тіркелген.  Яғни мемлекет үшін бұл ресми диагноз,

дейді дәрігерлер.

Прокуратурада анықталғандай, Павлодар психоневрологиялық орталығының дәрігерлері, медбикелері мен санитарларының жеке деректері астаналық клиниканың базасына тікелей орталық басшылығынан түскен. Енді өздерінің «медициналық тарихын» тазарту үшін мекеменің қызметкерлері барлық инстанциялардың табалдырығын тоздыруға мәжбүр.

Өңір әкімдігі мен прокуратурасына ресми түрде шағымданған 11 өтініш беруші бойынша E-gov ақпараттық жүйесі мен платформасынан деректерді жою бойынша жұмыс жүргізілді,

деп хабарлады Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова.

Басшының сөзінше, қазір денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп «ДамуМед» ақпараттық жүйесінен деректерді өзгерту және жою жұмыстары пысықталуда.

11 өтініш беруші психоневрологиялық орталықта жұмысын жалғастыруда. Ал қызметкерлердің тізімін сырттай емдеуге жіберген орталықтың басшысы тек тәртіптік жазамен құтылыпты. Қазір прокуратура қызметкерлері бұл әрекетке кімнің барғанын, дәрігерлерге осындай опасыздық жасағанда қандай мақсатты көздегенін анықтайтын болады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago