Categories: Оқиға

Павлодарда ер адам бұрынғы жұбайының жеке суреттерін желіде таратқан

Павлодарда ер адам ВКонтакте әлеуметтік желісінде бұрынғы жұбайымен жеке сипаттағы фотосуреттер мен бейнематериалдар жариялаған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғынына қатысты әлеуметтік желілерде басқа адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз таратқаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сондай-ақ өзін бұрынғы жұбайының құрбысы ретінде таныстырған ер адам ол туралы жалған ақпарат таратып, хат жазысқан. Бұл туралы естіген қала тұрғыны полицияға жүгінді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 147-бабының 5-бөлімі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізіліп жатыр,

деді Павлодар қаласы полиция басқармасы солтүстік полиция бөлімінің бастығы Бекзада Бөлежанов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекснің 147-бабы – жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу, көпшілік алдында сөз сөйлеуде, көпшілік алдында көрсетілетін туындыда, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, оның ішінде интернет арқылы, сол сияқты адамға немесе оның жақындарына қатысты іс-әрекеттер жасау осы адамның  қызметті жүзеге асыруымен не осындай қызметке кедергі жасау мақсатында немесе ол үшін кек алу үшін кәсіптік немесе қоғамдық борышты орындауымен –  үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago