Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > Павлодарда ер адамды полицейлер сабап өлтіргені рас па?
Оқиға

Павлодарда ер адамды полицейлер сабап өлтіргені рас па?

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 19.01.2023
Обновлено 19.01.2023 в 10:01
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Павлодарда айықтырғышқа түскен ер адам мерт болды. Үйінен өз аяғымен кеткен оны табытпен әкелген. Марқұм түрлі дене жарақатынан ауруханада қайтыс болыпты. Ал жақындары оны ұрып-соққан деп отыр, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Күлжан Медейдің жолдасынан айырылғанына 2 айға жуықтаған. Марқұм жиі ішімдік ішетіндіктен, учаскелік полицейді шақыруға мәжбүр болыпты. Алайда оның соңы өлімнен аяқталатын білмедім деп отыр.

Үйден учасковой әкетті. Ол кісі жауап беру керек ғой. Сап-сау әкеткен кісіні сабап өлтіріп отыр. Сараптамада сау жері жоқ. Ол кісіні апарғаннан кейін бір-екі сағаттан кейін қайтып кеткен. Бас деген майысып қалған. Өне бойдан түк жоқ. Сап-сау кеткен. Неге соғырша жәбірлеп сабайды,

дейді марқұмның жұбайы Күлжан Медей.

Марқұмның артында 6 баласы жетім қалды. Үлкені кәмелет жасына енді ғана толса, кішісі 2 жаста. Қызының айтуынша, бұл өлімге ауылдың учаскелік полиция қызметкерінің қатысы бар.

Ол кісі үйден кеткен кезде бауырымның көзінше ұрған. Бауырымның көзінше ұрып тұрғаннан кейін ары қарай не істемейтініне ешкім кепілдік бермейді ғой. Үстіне киген курткасы бәрі қан. Ешқандай сау жері жоқ. Жағаның бәрі қан. Учасковый ұрмаған болса, ол қан қайдан пайда болды? Оны бізге кім айтады? Денесінің бәрі көк ала қойдай. Аузындағы тісінің бәрі қыршылып, сынып қалған,

дейді марқұмның қызы Құралай Бақыт.

Ал айықтырғыштағы дәрігерлер оның орташа масаң күйде жеткенін айтады. Ал денесінде зорлық іздері болмады дейді.

Кезекші дәрігер оны тексерген кезде басында ескі жарақаты болғаны анықталды. Оны тіркеу кітапшасына жазып қойған. Содан Екібастұз қаласының айықтырғышына жатқызылды. Таңертең дәрігерлер оның қысымы күрт төмендеп кеткенін және есін жоғалта бастағанын байқаған. Содан бірден жедел жәрдем шақырды,

дейді облыстық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Виктория Ефимова.

Марқұмға дәрігерлер бірнеше рет операция жасаған. Алайда құтқара алмапты. Ақ халаттылар қатты соққыдан миына қан құйылғанын айтқан. Марқұмның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ал полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Дәрігерлер оны тексерген кезде денесінде және басында жарақат іздері болмаған. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Айықтырғыштағы бейнебақылау камерасына оның бірнеше рет құлап, басын соққаны түсіп қалған,

дейді облыстық полиция департаменті бастығының бірніші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Марқұмның туыстары оның өліміне себепкер болған кінәлілер жазадан сытылып кете ме деп қорқады. Сол себепті учаскелік полицейдің үстінен арыз жазған. Оның немен аяқталары әзірге белгісіз.

ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 19.01.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?