Categories: Оқиға

Павлодарда әйелін аяусыз ұрған ер адам 9 жылға сотталды

Павлодарда әйелін балалардың көзінше гантельмен аяусыз ұрған ер адам сотталды. Сотта жәбірленуші сотталушыға қатысты шағымы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Оқиға былтыр 3 маусымда болған. Ішіп алған ер адам Амангелді көшесіндегі үйге, өзінің бұрынғы әйеліне келген. Екеуі сөзге келісіп қалып, 32 жастағы тұрғын қасақана өлтіру мақсатында жуынатын бөлмеден салмағы сегіз келі тартатын гантель алып шығып, әйелдің басынан екі рет ұрған. Ол ауыр жарақаттан есінен танған әйелдің денесін басқа бөлмеге апарып, өзі оқиға орнынан қашып кеткен. Дәрігерлер өлім аузында жатқан әйелді аман алып қалған. 

Аталған іс облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында екі бап бойынша  қаралды. 

Сотта жәбірленуші сотталушымен келісімге келгендіктен, бұрынғы күйеуіне аяушылық танытып, бас бостандығынан айырмауды сұраған. Ал сотталушы мен оның адвокаты бұл қылмысты 106-баптың 1-бөлігіне  «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге» ауыстырып, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұраған еді.

Сот жасалған қылмыстың ауырлығын және қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, ер адамға ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 1-бөлігі бойынша 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады,

делінген соттың баспасөз қызметінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago