Categories: Оқиға

Павлодарда жабайы иттердің шабуылынан 80-нен астам қой қырылған

Павлодар облысындағы ауылда 80-нен астам қой қырылды. Ұсақ малға жабайы иттер шабуылдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Павлодар ауданы Кемеңгер ауылында малдардың қырылған видеосы тарады. Ветеринарлар бұл жағдайды тексеру үшін оқиға орнына барған. 

29 шілдеде түнде Кемеңгер ауылында ұсақ қара мал, атап айтқанда 83 қой қырылды. Жабайы иттер 15 қойды кеміріп тастады, ал қалған малдар қорыққаннан тапталып мертікті,

дейді Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы басшысының міндетін атқарушы Ержан Ахметов.

Оның сөзінше, ветеринариялық станцияның қызметкерлері екі жабайы итті ұстады. Олар 10 күн бақылауда болады. 

Қырылған малдан зерттеуге материалдар алынды. Иттердің құттыру белгілері расталса, утилизация мәселесі қарастырылады,

деп мәлімдеді ветеринариялық станциясы басшысының міндетін атқарушы.

Аталған факт бойынша облыстық полиция департаменті облыстық ветеринарлық инспекциямен бірге тексеріс жұмыстарын бастады, себептері анықталып жатыр.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago