Биылдан бастап кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар өндірістен тартылған педагогтерге аттестаттаудан өтпей «педагог — модератор» біліктілік санаты беріледі. Сондай-ақ, жалақысының 30 пайыз мөлшерінде қосымша ақы төленеді.
Еңбек өтілі 10 жылдан асатын педагогтерге жалақыға 35 пайыз үстемеақы төленіп, сарапшы санаты беріледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінде айтылды.
Сондай-ақ, зейнет жасына 4 жыл қалған педагогтер, 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтер бұрын берілген біліктілік санатын растаған кезде тестілеуден босатылатын болады.
Колледждерде алғаш рет педагогикалық қызметке кіріскен және кемінде 2 жыл өндірістік өтілі бар мамандар тестілеуден өтпей-ақ «педагог» біліктілік санатын ала алады.