Бұл факт бойынша Ақтөбе облысының 27 жастағы тұрғынына қатысты іс қозғалды.
Жас жігіт TikTok әлеуметтік желісінде 7-10 жасар аралығындағы жас қыздармен хат алмасып, ойға келмейтін тақырыптарға сөйлескен. Ол сыйақы ұсынып, балалардан жалаңаш суреттерін жіберуін сұраған, және бұл туралы ата-аналарына айтпауды өтінген. Сонымен қатар фотосуреттерді шетелдік әлеуметтік желілерге орналастырып отырған.
Аталмыш факт Алатау ауданының прокуратурасы мониторинг жасау кезінде анықтады.
Күдіктінің іс-әрекеттері кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау және айналымға салу– ҚР ҚК-нің 312-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша алдын ала анықталған,
делінген хабарламада.
Қазір күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Оған 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы төніп тұр.