Қырғыз депутаттары балалалрға қатысты зорлық-зомбылықпен күресу шараларын қатаңдатуды ұсынып отыр.
Қырғызстан парламентінде өзекті мәселенің бірі талқыланды. Олар өлім жазасын қайта енгізуді қарастырып отыр.
Жаза қылмысқа сәйкес болуы керек. Адамгершілікті сылтауратып, өлім жазасын алып тастадық, бірақ оның да салдары бар. Адамгершілігі жоқтар адамгершілігі барларды өлтіріп жатыр. Жемқорлық бар елде ешкім түрмеден қорықпайды. Сол себепті өлім жазасын енгізу керек. Бүгін олар 15 жылға бас бостандығынан айырылады, ал үш жылдан кейін еркіндікте өз қалауын істеп жүреді,
«Ыйман Нұру» фракциясының жетекшісі Нұржігіт Қадырбеков.
Қырғызстан бұрын өлім жазасын өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырған. Өлім жазасы 2007 жылы жаңа Қылмыстық кодекстің көздеуімен жойылды.
Соңғы уақытта Қырғызстанда кәмелет жасқа толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық фактілері қоғамдық резонанс тудыруда. Сондықтан зорлаушыларға ешқандай аяушылық көрсетілмегені дұрыс деп ойлайды.
Қырғызстанның ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2021 жылы балаларға қатысты 3 034 қылмыс тіркелсе, оның 500-і жыныстық зорлық-зомбылыққа қатысты болған.