Руслан Аңбаев Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Руслан Аңбаев 1978 жылы 23 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Целинное ауылында дүниеге келген. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
1999 жылы Тимирязев ауданы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімінің аға салық инспекторы лауазымын атқарды.
2002 жылдан 2008 жылға дейін Тимирязев ауданы бойынша Салық комитетінің бас салық инспекторы, жанама салықтар аудиті бөлімінің бастығы, ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және салық алу бөлімінің бастығы, Салық комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
2008-2011 жылдары — Есіл ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Салық басқармасының бастығы.
2011-2014 жылдары — Тайынша ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, салық басқармасының басшысы.
2014 жылдан 2015 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының мобилизациялық дайындық, терроризмнің алдын алу және профилактика бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2015-2019 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2019-2020 жылдары Солтүстік Қазақстан Облысы Мамлют ауданының әкімі болды.
2020 жылдың қазан айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі қызметін атқарды.