Оқиға

Петропавлда үй өртеніп, жас келіншек екі баласымен бірге қаза тапты

Петропавлда үй өртеніп, екі кішкентай бала анасымен бірге тірідей жанып кетті. Ажалмен арпалысқан 20 жастағы келіншек өмірінің соңына дейін балаларын құтқаруға тырысқан. Ол 1,5 жасар қызы және 5 жасар ұлымен бірге өртенген үйдің есігінің жанынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрттің қатты болғаны сонша, қызыл жалын қаланың екінші шетінен көрінген. Көршілер кіреберіс бөлмеде тұтанған от бірден күш алып, баспананы күлге айналдырғанын айтады, деп хабарлайды КТК.

Көршім терезеден секіріп түсіп, іште балаларым мен әйелім қалды деп айғай салды. Тұра жүгірдім, дем алу мүмкін емес. Өрт сөндірушілер тез жетті. Бірақ құтқарып қала алмады. Жап-жақсы отбасы болатын,

дейді көршісі.

Көршілер бұл үйге 80 жыл болғанын, өте ескі екенін, әжелерінен мұраға қалғанын айтады. Бес адам тұрып жатқан. Үй иесінің анасы сол күні жұмыста болыпты. Өрт сөндірушілер хабар жеткен соң-ақ бес минутта келген. Бірақ екі баласымен далаға ұмытылған ананы құтқара алмапты.

Өрт орнына Петропавл қаласының №5 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 15 адам үш цистернамен шықты. Оқиға орнына жету уақыты 5 минутты құрады. Алдын ала болжам бойынша, өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажет сараптамалар тағайындалды.

Өрттен аман шыққан үй иесі мен жұмыста болған оның анасына жергілікті әкімдік көмек береміз деп отыр.

Өрт-техникалық, медициналық сараптама дайын болғаннан кейін ғана адам өмірін жалмаған өрттің шығу себебі анықталады. Ұшқын әбден ескірген электр сымдарының тұйықталуынан болуы мүмкін деген болжам бар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago