Петропавлдағы Пушкин көшесі, 43 мекенжайда орналасқан бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Екі әйел уланып, салдарынан ауруханаға түсті.
Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 3 автоцистернасы және 3 арнайы көлігі мен жеке құрамнан 21 адам жетті. Олар бірден іске кірісіп, өрт шыққан ғимараттан тұрғындарды шығарды.
Дәрігерлер айтуынша, зардап шеккендердің екеуінің де жағдайы (1974 және 1942 жылы туғандар) орташа ауырлық деңгейде.
Өрт толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен келген шығын мөлшері анықталатын болады.