Categories: Қоғам

Пирамидаларға алданып қалған келіншектер күйеуіне айтудан қаймығады

Соңғы 15 жылмен есептесек, орта есеппен бізде бір жылда 27 мың алаяқтық қылмыс тіркеледі. 31 жылда бұл – 837 мың қылмыс. Бір алаяқтық қылмыс орта есеппен 2,5 миллион теңге шығынға бағаланады. Сонда алаяқтар ресми түрде Қазақстан тарихында 2,1 триллион теңге шығын әкелген.

Бірақ бұл да толық картинаны бере алмайды. Себебі, психолог, әлеуметтанушы мамандар алаяқтарға алданып қалған әрбір бесінші азамат қана құқық қорғау органдарына шағымданады деген пікірде. Оның түрлі себептері бар. Көбінесе отбасылық жанжалдан қорқады. Пирамидаларға алданып қалған келіншектер күйеуіне айтудан қаймығады. Алданып қалғандар туыстарына, достарына жария қылуға ұялады. «Маған сабақ болды, бұл енді садақа болсын» деп жылы жауып қоя салады.

Онда шын картинаны көру үшін 2,1 триллион теңгені беске көбейтеміз. 10,5 триллион теңге шығады. Қазіргі курспен есептесек — 23,5 миллиард АҚШ доллары. Бұл біздің өмір бойы жинаған Ұлттық Қорымыздың тең жартысы.

Біздің кедейлігімізде, әлеуметтік әлсіз топтардың көбейіп, олардың оңала алмай жатқанында алаяқтардың үлкен үлесі бар. Халықтың АСП, зейнетақыдан түскен ақшаларынан бөлек, соңғы уақытта ломбардтан қарыз, банктен несие алып, соны алаяқтарға беретін жағдайлары көбейген. Бір жағынан пирамида, екінші жағынан кибер алаяқтық өршіп тұр.

Халықты жан-жақтан пирамидалар, банктің жалған колл-центрлері, кибер хакерлер жұлмалауда. Бұдан құтылатын жалғыз жол бар. Ешкімге ақша бермеңіз. Ақша мәселесінде ешкімге сенбеңіз. Пирамидаларда таныс адамдар тарапынан әдемі ертегілер көп айтылады. «Мынандай жерге ақша салып едім. Енді міне көлік алайын деп жатырмын», тб.

Бәрі өтірік. Сізді тұзаққа түсіру үшін айтылады. Өтірік банк телефон соғады. Мүлде сөйлеспеңіз. Инстаграмдағы түрлі блогерлер, қайырымдылық қорлар, машалла-пашалла деп жүргендерден, әдемі өмір көрсететіндерден  мүлде аулақ болып, блоктап тастаңыз. Тыңдамаңыз да, қарамаңыз да,

деп жазыпты «Қаржылық сауат» телеграм арнасы.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

11 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago