Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
26.09.2025
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Ғылым > Plastic in Art. Алматыда өңделген пластиктерден жасалған бұйымдар көрмесі ашылды
Ғылым

Plastic in Art. Алматыда өңделген пластиктерден жасалған бұйымдар көрмесі ашылды

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 27.04.2023
Обновлено 27.04.2023 в 09:04
Поделиться
Поделиться

Plastic in Art, яғни өнердегі пластиктің «екінші өмірі» – бұл шынайы ғана емес  әрі әдемі, берік және кәдеге жарайтын жері көп. Бұл қызықты дизайнерлік шешімдер, ерекше өнер мен тұтынушылық жауапкершіліктің өткір мәселесіне деген жаңа көзқарас.

Көрме жастардың бастамасын қолдауға бағытталған «3.2.1. Старт!» жобасының жаңа маусымының басталуына арналады. Көрмеге келушілердің барлығы «Forum» сауда орталығының фойесіндегі (Сейфуллин даңғылы, 617) сән және интерьер дизайнерлерінің өңделген пластиктерден жасаған жұмысын тамашалай алады, өнер-оқиғасы 3 мамырға дейін жалғасады.

«3.2.1. Старт!» жобасын ұйымдастырушылар жаңа тенденцияларды да ескеріп және заман ағымына ілесе отырып, Coca-Cola Icecek Kazakhstan (CCI Kazakhstan) атынан биылдан бастап «3.2.1. Старт!» акциясын Қазақстан жастары арасында пластиктерді бөлек жинауға, оны өңдеуді дамытуға және насихаттауға бағыттайтын болады.

Дәл осы өзгерістер компанияларға – 2030 жылға қарай компания шығарған пластиктерді 100% жинап алу міндеттемесін орындауға көмектеседі.

 Компания осы мақсатпен 6 қалада Қазақстанның 10 жетекші университетінің студенттерін тартып, олармен бірге одан әрі қарай қалдықтарды екінші рет пайдаға жарату үшін сұрыптау мен жинау идеяларын әзірлеуді көздеп отыр.

«3.2.1. Старт!» 8-ші жобасына қатысушыларды пластиктер жинау, өз университтеттерінде сұрыптау мен қайта өңдеу кестелері жөніндегі тапсырмалар күтіп тұр, ал ең жақсы идеялар байқауды ұйымдастырушылардың қаржылай қолдауының арқасында жоо қабырғасында жүзеге асырылмақ.

Ең үздік идеялардың авторлары маусым аяғына қарай марапат ретінде пластиктерге «екінші өмір» сыйлау үшін оны қайта өңдеуден өткізе алатын қымбат жабықтардың толық желісіне ие  болады

Біз студенттермен бірлескен күш-жігеріміздің, Қазақстанның эко-қауымдастығының, бизнес және мемлекет өкілдерінің арқасында – бөлек жинауды енгізудің нәтижесінде – қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудағы өз мақсатымызға жетудің көптеген қызықты жолдарын таба алатынымызға нық сенімдіміз. Бүкіл әлем айналмалы экономикаға ұмтылып отыр, және бізде оны Қазақстанда дамытудың барлық мүмкіндіктер бар деп есептейміз,

дейді CCI Kazakhstan компаниясының корпоративтік байланыстар мен тұрақты даму жобалары жөніндегі директоры Әлима Исембаева.

CCI Kazakhstan компаниясы «3.2.1. Старт!» жобасынан да бөлек қоғамдастық пен жастардың назарын тұрмыстық қалдықтарды екіншілік пайдалану мәселесіне аударуды көздеп отыр. Plastic in Art көрмесі де осы мақсатты көздейтіндіктен, оған қайта өңдеуден өткен пластиктерден жасалған нешетүрлі экспонаттар қойылады.

Ал көрмеге келушілер қалдықтарды неге сұрыптау қажеттігі, мұны үйде қалай жасауға болатындығы, жиналған шикізаттар қайда баратыны туралы білетін болады. Ең бастысы ұйымдастырушылар пластиктерге шикізет ретінде қарауды, оларға қалай «екінші өмір» сыйлауға болатындығы жайлы баяндайды.

Мысалы, мәселен көрмеде ұсынылған Trashback-тен мөлдір ваза жасау үшін 29 пэт-бөтелке (пластик) қайта өңделген, ал бір NOA футболкасына 15 бөтелке қажет болған. Көрменің ең көрнекті экспонатының бірі – «3.2.1. Старт!» жобасының алдыңғы маусымында жеңіске жеткен Rocket Plastic командасы құлшына жасаған сәкі десек болады.

Coca-Cola компаниясы мұның алматылықтар мен қала қонақтары қатысқан эко-марафон өткізіп, жастар қайта өңделген пластиктен сәкі жасап шығарған болатын.

Осы арада тұрғындардың белсенділігінің, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігі мен PlastNet желісінің қолдауының арқасында 3 мың тоннадай пластик жиналғанын, оның бір бөлігінен алғашқы 6 пластик сәкіні жасалып, олардың Алматы қаласына сыйға тартылғанын, бұл сәкілерді М.Горкий атындағы саябақтан көруге болатынын айта кетуге болады. Ал қалғаны қайта өңдеуге жіберілген. Сондықтан компания осындай бастамаларды одан әрі қарай инвестициялауға ниет білдіріп отыр.

Анара Бауыржанқызы 27.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҒылымРуханият

Білікті маман жауапты қызметке тағайындалды

15.04.2024
ҚоғамҒылым

TikTok Қазақстанда төрт миллионнан астам бейнежазбаны өшірді

27.03.2024
ҒылымҚоғам

Әлемнің ең қымбат брендтері аталды 

15.03.2024
ҒылымШетел басылымына шолуШолу

«Роскосмостың» күні бітуге жақын

05.03.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?