Қазақстанда полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызмет атқару жөніндегі нұсқаулығы бекітілді, деп хабарлайды «Юрист ПАРАГРАФ» Телеграм-арнасы.
Құжат патрульдік-бекеттік нарядтардың азаматтармен жұмыс істеу тәртібін реттейді.
Енді жаңартылған құжатқа сәйкес азаматтарға жүгінген кезде патрульдік-бекеттік наряд (ПБН) :
- өзін таныстырып, қызметтік куәлігін қолында ұстап тұрып көрсетуі (ҚР заңнамасында өзге құжаттаманы ұсыну көзделмеген) қажет;
- өз лауазымын, атағын және тегін атауға (бұл ретте қолын бас киімге қойып, сәлем беруге, қол алысуға жол берілмейді);
- тоқтату мақсатын немесе көлік құралын тоқтату себебін қысқаша хабарлайды;
- азаматтар жүгінген жағдайда патрульдік-бекеттік наряд оларды мұқият тыңдайды және олардың өтініштері бойынша құзыреті шегінде шаралар қабылдайды. Сондай-ақ олар патрульдік полицейлердің құзыретінен тыс қойылған мәселені шешу үшін қайда жүгіну керектігін түсіндіруі керек.
«Азаматтар өтініш білдірген барлық жағдайда ПБН сақ, әдепті, сыпайы болуы тиіс, тек «сіз» деп сөйлеуге, өз талаптары мен ескертулерін ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермей, сенімді және түсінікті түрде баяндауы тиіс. Егер азамат әкімшілік іс жүргізуді және басқа да заңды шектеулерді қамтамасыз ететін қызметкердің іс-әрекетіне қызбалықпен жауап берсе, оған тынышталуға уақыт беру және оның заңсыз іс-әрекеттері бойынша түсініктеме беру мүмкіндігін беру, содан кейін тиісті заңдар немесе өзге нормативтік құқықтық актілерге жүгіне отырып, оның тәртібінің дұрыс еместігін түсіндіреді», — делінген нұсқаулықта.
Осыдан кейін ғана полицейлер әкімшілік материал жасайды (хаттама патрульдік автомобильден тыс немесе ауа-райына байланысты патрульдік автомобильдің салонында, полиция органдарының үй-жайында жасалады), оқиғаларды бейнетіркеуішке міндетті түрде тіркей отырып, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізудің өзге де функциялары жүзеге асырылады.
Жаңа нұсқаулық 2023 жылдың 4 наурызынан бастап күшіне енеді.