Әзірге ол қатарынан үш жыл бойы «тұрақты түрде» ұсталып келеді.
Ақсу тұрғыны жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылса да, не ішуін, не көлік жүргізуін де тоқтатпапты.
Павлодар облысында полицейлер алкогольге құмарлығынан әлі арыла алмай жүрген бір жігітті ұстады. Ол Volkswagen Golf-ке мініп, көшеде жүрген екен. Сөйтсе, ол осымен үшінші мәрте мас күйінде көлік басқарған жерінен ұсталыпты.
ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, жүргізуші алғаш рет 2020 жылғы қаңтарда мас күйінде ұсталып, үш жылға көлік басқару құқығынан айырылған. Алайда бірнеше айдан кейін тағы ішімдік ішіп, тәртіп сақшыларының көзіне түседі. Сот оның бас бостандығын шектей отырып, жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырған. Бірақ бұл да 29 жастағы жігітке сабақ болмаған көрінеді.
Ережені елемейтін азаматқа қатысты сот отырысы өтті. Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігіне сай жүргізуші куәлігінен айырылған соң тағы мас болып көлік басқарғаны үшін ол енді бір жыл түрмеде отырады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…