Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > Полиция қызметкері пәтер ұрыларынан қорғану жолдарын айтты
Басты жаңалықтарҚоғам

Полиция қызметкері пәтер ұрыларынан қорғану жолдарын айтты

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 22.10.2022
Обновлено 22.10.2022 в 12:10
Поделиться
Поделиться

Пәтер ұрыларының негізгі жас аралығы 30-40 жасты құрайды. Олардың басым бөлігі жұмыссыз, жеңіл ақшаға үйренгендер.

Мазмұны
Жаз айы ұрыларға ең қолайлы мезгілҰрылар қалдыратын белгілер жайлы

Пәтер ұрлығы – қылмыстың кең тараған түріне жатады. Үй иелерінің жұмысқа, демалысқа кеткен уақытын аңдитын ұрылардың қатары көп. Олардың өзіндік ұрлыққа түсу әдістері де бар. Azattyq Ruhy агенттігі Астана қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының Аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Ерболат Бекежановпен сұқбатты жариялады. Оның айтуынша қазір пәтер ұрылары өте сақ. Маман ұрыларды ұстау жолдары, олардың өзара байланысу әдістері мен ұрыларға қолданылатын жаза түрлері туралы айтып берді.

Ұрылар көбіне өздерінің туған жері бойынша бір-бірімен таныс болады. Бұрын сотталған болса, сол жерде танысып, бостандыққа шыққаннан кейін хабарласып әрі қарай бірігіп ұрлық жасайтындар да болады. Олардың өзіндік байланысу жолдары бар.

Пәтер ұрлығы бойынша арыз түскеннен кейін бірнеше жедел іздестіру әдістері жүргізіледі. Алдымен тергеу бөлімі қылмыс болған пәтерге барып, арыз қабылдайды. Содан бастап полиция қызметкерлерінің жұмысы басталады. Көршілерден, дүкендерден сұрап, куәгерлер іздестіріледі. Тергеу тобындағы криминалист маман саусақ іздері арқылы айғақ қарастырады. Ізін суытпай іздестіру мамандары да иттермен келіп, ұрыны тапқанша жұмыс істейді. Бейнетаспалар міндетті түрде қаралады. Ұрыларды құрықтау барысында көпшілікке айта алмайтынтын полиция қызметкерлерінің өзіндік жылдам іздестіру шаралары бар. Соның арқасында із қалдырмадым деген ұрылардың өзін тауып, жауапқа тартады.

Пәтер ұрлығына қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексті 188-ші бап, 3-тармақ, 3-бөлімі бойынша жаза қолданылады. Ұрлық ауыр қылмыс болып есептеледі. Олар 2-7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін,

дейді полиция қызметкері.

Жаз айы ұрыларға ең қолайлы мезгіл

Әдетте ұрлықтың нағыз қызатын уақыты – жаз айлары. Қылмыскерлер пәтер тұрғындарының демалысқа кетуін асыға күтеді. Полиция қызметкері ұрылар тонау алдында үйді және үйдің иесін толық зерттейтінін айтады.

Жазда көбі еңбек демалысына кетеді. Үйін жауып, туыстарына немесе демалыс орындарына кететіндер өте көп болады. Сондай-ақ жазда үйдің іші ыстық болады. Үй иелері таңертең жұмысқа кетерде есіктерін ашық қалдырады. Ұрылар үйдегі басқа адамдар ұйықтап жатқанда кіріп, бағалы заттарын алып кетуі мүмкін. Оны ұйқыда жатқан адам байқамай да қалады.

Пәтер ұрылары көбіне төменгі қабаттағы үйлерге, жер үйлерге ұрлыққа түседі. Ондай пәтерлерден үйде адам бар-жоғын терезеге үңілу арқылы көруге болады. Тұрғындар жұмысқа кеткен уақытта ойлағанын жүзеге асырады. Десе де ұрылар үйге бірден ұрлыққа түсе салмайды. Белгілі бір уақытқа дейін үйді тексереді. Үй иелерін, қандай адамдар тұратынын біліп алады. Кей кездері адамдарды банктен аңдып келеді. Ақша алғанын көріп үйі қай жерде екенін біліп алады. Содан кейін ғана ыңғайлы уақыт тауып, ұрлыққа түседі,

дейді маман.

Ұрылар қалдыратын белгілер жайлы

Пәтерлерді торуылдап жүрген ұрылардың өзара сөйлесетін белгілері болады. Бір-біріне қалдыратын үш бұрыш, дөңгелек сияқты түрлі суреттер үйде кім тұратынын, адамның бар жоғын көрсетеді. Десе де Ерболат Бекежанов қазіргі ұрылар өте қу екенін және артынан із қалдырмауға тырысатынын айтты. Сондықтан олар бұрынғыдай белгі қалдыруды тоқтатқан.

Қазіргі кезде ұрылар сіз айтқандай белгілер қалдыра қоймайды. Бұрындары өзара сөйлесіп, бірігіп ұрлыққа түсу үшін есіктерде түрлі суреттер қалдырған. Сол белгілер арқылы пәтерді зерттеген. Жыл басынан бері ұрлыққа қатысты қылмыста ондай белгілерді көрмедік. Полиция қызметкерлерінің тарапынан істелген жұмыстың арқасында қазір белгі қалдыру азайды.

Ұры белгі қалдыру арқылы керісінше өзін анықтап береді. Мысалы, үш бұрыш белгісін қалдырды деп айтайық. Олар өздерінің қылмыс істегенін айқындап, өздері дәлел қалдырып қояды. Біз бір пәтерден карта белгісін көрсек, басқа пәтерде де дәл сондай белгі болатын болса, дәл сол ұрының бірнеше пәтерді торуылдап жүргенін біліп қоямыз. Қазір ұрылар өте ақылды болғандықтан өздерін ұстап беретін еш айғақ қалдырмайды. Белгілердің көп болуы 90-2000-шы жылдары көп болды. Қазір мүлде жоқ десе болады.

Ұрылар сақ жүреді. Тіпті өздері ұстаған есік тұтқаларын да шүберекпен сүртіп, тазартып кетеді. Ұрлыққа түсу барысында олар әдетте бетін жауып тұратын бас киім, маска және қолына арнайы қолғап киеді. Қазір пәтерлердің бәрінде бейнетаспа бар. Сондықтан олар сақтық шараларын күшейткен,

дейді полиция қызметкері.

Пәтер ұрыларының негізгі жас аралығы 30-40 жасты құрайды. Олардың басым бөлігі жұмыссыз, жеңіл ақшаға үйренгендер. Маман тұрғындарға ұрылардан қорғану жолдарын айтты.

Ұрлыққа баратындардың көбін бұрын сотталған адамдар құрайды. Сондай-ақ балалар үйінен шыққан, ата-анасы жоқ жетімдер ұрлыққа көп барады. Тергеу барысында ақша жетпегендіктен күн күру үшін ұрлыққа барғандарын айтады.

Елорда тұрғындарына айтарым алдымен есікке қойылатын құлыптың сапасына мән беріңіз. Себебі, ұрылар құлыпты оңай аша алады. Екіншіден, 5-10 минут болсын есікті ашық қалдырмаңыз. Дүкенге немесе басқа жерге шығып кетсеңіз де жауып кетіңіз. Сондай-ақ көршілермен жақсы қарым-қатынаста болыңыз дегім келеді. Көп жағдайда көршілер кіріп, шығып жүреді. Өздері бір-бірін танымайтын болғандықтан бейнежазбадан қарау кезінде бұл қиындық тудырады. Бөтен адамды анықтау қиын. Ыңғайы келсе үйде бағалы заттар, үлкен көлемде ақша ұстамаған дұрыс. Сақтанғанды сақтайды демекші барынша сақ жүруге кеңес беремін.

Егер біреуден күдіктенетін  болсаңыз бірден қолына қараңыз. Әдетте сотталып шыққан ұрылардың қолында түрлі пішіндегі жұлдызша тәрізде немесе басқа суреттер болады. Анығырақ қарасаңыз олардың іс-әрекеті, жүрісі, қайта-қайта қарай беруінің өзі ұры екенін білдіріп тұрады. Киім үлгісіне де мән беріңіз. Егер осы белгілер сізге ұнамаса шетке кетіп, 102 полиция қызметіне қоңырау шалыңыз,

деп кеңес берді полиция майоры Ерболат Бекежанов.

Сөзін қорыта келе маман ұрылардың ұрлыққа түсу барысында қолданатын бірнеше әдістерімен бөлісті. Олар терезені сындыру арқылы, құлыпқа сай келетін кілт жасап алу, үйге еркін кіру әдістері және көшеде танысып сенімге кіру сияқты әдістерді жиі қолданады. Көбіне ұрылар зейнеткерлерді оңай алдайды. Көмектескен болып, пәтеріне кіріп тонап кетеді дейді полиция қызметкері. Ол тұрғындарды сақтық шараларын ұмытпауға шақырды.

ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 22.10.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?