Қазақстанда есірткі қылмысы үшін 11 құқық қорғау қызметкері ұсталды.
Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның айтуынша, полиция қызметкерлерінің өздері есірткі бизнесімен айналысады, деп хабарлайды Tengi.kz.
Мафиямен күресушілердің өздері оған көмектесетіні ешкімге құпия емес. Биыл есірткі заттарын сатқаны және сақтағаны үшін құқық қорғау органдарының 11 қызметкері мен әскери қызметшілері ұсталды.
Бұл көші-қон полициясының қызметкерлері, полиция департаменттері жанындағы есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармаларының басшылары мен жедел уәкілдері, ҰҚҚК қызметкерлері, түзеу мекемелерінің қызметкерлері, ТЖМ және әскери қызметкерлер.
Ол мұндай фактілерге жол беруге болмайтынын айтып, есірткімен айналысқан қызметкерлерді жұмыстан шығарып, лауазымын төмендетуді ұсынды.