Пост үшін 30 жыл түрмеге тоғытылу және АҚШ-тағы демократияның құлдырауы. 17 тамыз

Әлемдік БАҚ не туралы жазады?

Дағдарыс кезінде қалай ақша тауып жүр?

The Wall Street Journal ірі америкалық ритейлер акциясы бірден өсіп кеткенін жазды.

Walmart пен Home Depot екінші тоқсанда үлкен кіріске кенелгенін хабарлады және кіріс үшінші тоқсанда да артатынын жоққа шығармайды. Бұл америкалықтар тұтыну әдеттерін өзгертекеніне қарамастан, аз көлемдегі тауарға көп ақша төлеуге мәжбүр екенін білдіреді.

Инвесторлар 16 мамырдағы сауда қорытындысы бойынша екі компания акцияларын да көтерді. Бұл жалпы қор нарығын ынталандырды. Walmart акциясы 5,1%-ке, Home Depot акциялары 4,1%-ке өсті. Бұл Доу-Джонс өндіріс индексін шамамен 240 пункттік немесе 0,7%-ке көтеруге көмектесті.

Автоөнеркәсіп проблемалары

Вloomberg ақпарат агенттігі Toyota мен CATL Қытайда зауыттарын жауып жатқанын хабарлады. Toyota Motor Corp. пен Contemporary Amperex Technology Co. — әлемдегі ең ірі аккумулятор шығарушы компаниялар. Олар Қытайдың Сычунь провинциясындағы құрғақшылық кесірінен болған энергетикалық дағдарыс салдарынан зауыттарының жабылатынын хабарлады.

Оған қоса, жапон автоөндірушісі Чэнду провинциясы астанасындағы жұмысты 20 тамызға дейін тоқтатуға ниетті екенін мәлімдеді. Жергілікті іскерлік басылым Contemporary Amperex компаниясы Ибиндегі негізгі литий батареясының базасында жұмысын тоқтатты.

Туиттер түрмеге жеткізді

The Guardian Сауд Арабиясында 34 жылға бас бостандығынан айырылған, содан кейін 34 жыл шетелге шығуға тыйым салынған Лидс университеті студенті Салма әл-Шехабтың оқиғасын айтып берді.

Демалыста патшалыққа оралған әйел қамауға алынды. Қыз Twitter-де аккаунты болғаны үшін, Сауд Арабия үшін ұнамсыз адамдарды желіде қадағалап, ретуит жасағаны үшін айыпталды.

Арнайы Сауд Арабиясы лаңкестік соты үкімі АҚШ президенті Джо Байденнің Сауд Арабиясына сапарынан бірнеше апта өткен соң шықты. Бұл құқық қорғаушылар корольдіктің диссиденттер мен басқа да демократияшыл белсенділерге қарсы қысымын күшейтуге итермелеуі мүмкін деп ескертті.

Бұл іс тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның Twitter-ді оппозициямен күресу құралы ретінде пайдаланатынын және Сауд Арабиясының ұлттық әл-ауқат қоры, Қоғамдық инвестиция қоры (PIF) арқылы АҚШ-тың әлеуметтік медиа компаниясының үлкен жанама үлесін бақылайтынын көрсетеді.

Шехаб патшалықта да, Ұлыбританияда да белсенді болмаған. Оның Twitter-де 2 597 жазылушысы бар. COVID кесірінен шаршау туралы және кішкентай балаларының фотосуреті арасындағы туиттер ішінде Шехаб кейде Сауд Арабиясындағы саяси тұтқындарды босатуға шақырған сауд диссиденттерінің жазбасына ретуит жасайтын.

Демократияның соңы

Fox news эксперттері арқылы ФБР Трамптың үйіне жасалған рейд төңірегіндегі жағдайды ушықтыруды жалғастырып жатыр. Арнайы қызмет экс-президенттен құпия мемлекеттік құжаттарды тапты депті-мыс, мұндай құпия құжаттың өзі — өрескел заң бұзушылық. Трамп президент қызметінен кеткеніне 2 жыл болғанына қарамастан солай.

Эксперттер пікірінше, Әділет министрлігімен бірлесіп жүргізген ФБР рейд Америка тарихындағы маңызды және қараңғы сәтті білдіреді. Бір кездері азат Американың жаңа дәуірі қалай басталып жатқанына әлем куә болып отыр. Әділет министрлігі мен Федералды тергеу бюросы Америка Құрама Штаттарының президенті кім болатынын шеше бастады және бұл басқа елдердегі жүздеген әскери төңкеріске ұқсамайды.

Күрделі құқықтық және саяси салдар бар, кем дегенде, Трампты 2024 жылғы президенттік сайлауға қатысудан автоматты түрде айыратын айыптау бар.

Алайда 2016 жылғы сайлау науқанынан біраз бұрын бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон да заңды дәл осылай бұзған еді. Ол үйінде аса құпия материалдарды сақтаған, бұл арқылы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірді. Бірақ ол кезде арнайы рейдтер жүргізілмеді, ал Әділет министрлігі елеулі ештеңе болмағандай кейіп танытты. Олар Хилларидің үйдегі компьютерінен айғақтарды жоймақ болған кезде ұсталғанына да мән бермеді. Демек оған президенттік сайлауға түсуге рұқсат берілді. Енді тура сондай заң бұзушылықты Трамп жасағанда оған сайлауға түсуге тыйым салмақшы.

COVID-алаяқтар

New York Times газеті прокуратураның пандемия кезінде алаяқтыққа қатысты істердің астында қалып жатқанын жазады.

Тергеушілердің айтуынша, федералды көмек бағдарламаларында алаяқтық әрекеттердің көп болғаны сонша, сотта жүздеген үкім шығарылғанына қарамастан, әшкерелеу енді ғана басталған сияқты.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago