Президент Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы қашан өтетінін айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Әулиекөл ауылындағы гуманитарлық көмек тарату пунктінде зардап шеккен азаматтармен және еріктілермен кездесті. Кездесуде президент Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы енді қашан тойланатынын айтты.

Кездесуде еріктілердің бірі Торғай өңірінен келгенін айтты. Ол жақтың халқы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына дайындалып жатқанын да айтып өтті.

Дегенмен өңірде өрт болып жатқанда той жасамай, көмекке келгенін жеткізді. Мемлекет басшысы бұған жауап берді.

Расында, бұл – үлкен шаруа. Зардап шеккен азаматтардың бәрі 2-3 айдың ішінде баспаналы болады деп уәдемді бердім. Оған күмәнім жоқ. Ол – бір. Екіншіден, Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына қатысты. Ең алдымен, осы мәселені шешейік. Содан кейін амандық болса, осы бір қасиетті жерге келіп, Ахмет Байтұрсынұлы бабамыздың рухына тағзым етіп, тойды өткіземіз,

деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, биыл ақын, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толды. 5 қыркүйекте туған күніне орай мерейтой жасалмақшы болған еді. Дегенмен ақын туып-өскен Қостанай облысында өрт шыққандықтан мерейтой кейінге шегерілді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago