Президент халық табысын арттыратын шаралар туралы тыңдады

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мемлекет басшысына Халықтың табысын арттыру бағдарламасы қалай жүзеге асып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Ақорда сайты жазды.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, Халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында бюджет саласындағы 850 мың қызметкердің, квазисектордың өндіріс бағытында жұмыс істейтін 240 мың және бизнес құрылымдарындағы 1,2 миллион қызметкердің жалақысы өскенін баяндады.

2025 жылға дейінгі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында 2 миллионнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның 444 мыңы биыл ашылады. 1 шілдедегі мәлімет бойынша, 249 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл жылдық жоспардың 56%-іне тең,

делінген хабарламада.

Әкімдіктермен бірлесіп, өңдеу өнеркәсібі, мұнай-газ химиясы саларында және аграрлық секторда 2025 жылға дейінгі инвестициялық жобалар пулы жасақталған. Бұл тізімде 266 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтитын 847-ге жуық жоба бар.

Сонымен қата,р мемлекет басшысына «Жастар тағылымдамасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша тағылымдамадан өту мерзімін ұзарту, еңбекақы көлемін арттыру және жастардың жаңа бизнес идеяларын жүзеге асыруға бөлінетін гранттардың көлемін өсіру жөнінде баяндалды. Халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарына жататын азаматтардың тұрақты табыс табуы үшін жағдай жасалуда және әйелдерді жұмыспен қамту тетігі әзірленді.

Кездесу соңында үкіметке аталған мәселелерді ерекше бақылауда ұстау тапсырылды. Президент азаматтардың табысын арттыру жұмыстары барлық орталық және жергілікті атқару органы үшін басты міндет болуға тиіс екенін айтты.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

4 дня ago