«Ақылды әшекей» сізге диагноз қояды

Science Advances журналы Огайо штатының университет ғалымдарының ашқан жаңалықтарымен бөлісті. Олар жаттығу кезінде қандағы қант деңгейін анықтайтын және тер арқылы денсаулық көрсеткіштерін талдай алатын сымсыз биохимиялық сенсорды әзірледі.

Бір қызығы, құрылғы батареясыз жұмыс істейді және өте жұқа материалдардан жасалған. Бұндай дизайн құрылғыны өте икемді етіп, қабілеттілігін қорғауға және арттыруға ықпал жасайды. Адам терісіне еш зиянын келтірмейді.

Құрылғының жұмыс істеу принципі

Биосенсор кеудеге алқа сияқты бекітіледі. Ал ол жұмыс істеу үшін радиожиілік сигналдарын көрсететін резонанстық тізбекті пайдаланады.

Ғалымдар құрылғыны сынақтан өткізді. Оған тренажерлерде жаттығулар жасап, арасында тәтті су ішкен еріктілер қатысты. Нәтижесінде сенсор шыққан тердің негізінде қандағы глюкоза дейгейінің өзгеруін дұрыс анықтады.

Гаджеттің мүмкіндігі орасан зор дейді өнертапқыштар. Себебі биомаркерлер адам денесіндегі ең тың құпиясын аша алады. Адам ағзасындағы сұйықтықтарда, онің ішінде тер, көз жасы, сілекей мен зәр арқылы аурудан бастап, тіпті эмоцианалдық көңіл-күйіне дейін анықтай алады.

Тердің құрамын талдаудан басқа, зерттеушілер бұл сенсорды нейротрансмиттерлер мен гормондарды анықтау үшін биоимплант ретінде пайдалануға болады деп санайды. Мысалы, мидың қайталама зақымдалуымен байланысты жұлын сұйықтығындағы иондық бұзылыстарды анықтауға және адам ағзасындағы ішкі процестер туралы көбірек білуге ​​көмектеседі.

Ақыр соңында бұл сенсорларды жеке заттарымызға оңай біріктіруге болады деп үміттенеміз. Біреу алқа тақса, кейбіреулері жүзік пен сырғаны таңдайды. Осы құрылғыны күнделікті қолданысқа қажет заттармен бірге киюге болатындай жағдай жасағымыз келеді. Бұл денсаулығымызды өзіміз бақылап, оны жақсартуға көмектеседі,

деді әзірлеу авторларының бірі Цзинхуа Ли.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

6 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

6 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

6 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago