Президент: «Иманбек — мәдениетіміздің шетелдегі елшісі»

Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысындағы жұртшылықпен кездесуінде ұлттық мәдениетті шетелде танытып жүрген өңір азаматтары туралы айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президенттің айтуынша, елдің күші адамдарда, олардың қайратында, білімінде және патриоттығында жатыр. Сондықтан адамгершілік мемлекеттік саясаттың негізгі өлшеміне айналды.

Мемлекет басшысы қарапайым халықтың мүддесіне, елдің әлемдік ауқымда тартымды жаңа келбетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу керек екенін айтты.

Ұлттық мәдениетті шетелде дамытып, жаңғыртуға Павлодар облысынан шыққан жаңа қазақ «мәдени толқынының» өкілдері орасан зор үлес қосып жатыр. Классикалық өнердің білгірлері Еуропаның үздік опера сахналарында арияларды орындайтын Мария Мудряктың дауысынан ләззат алады. Грэмми сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновтің танымал музыкасы бүкіл әлем жастары арасында ыстық ықыласқа ие,

деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл азаматтар өз ұрпағының дарынды өкілі ретінде мәдениетіміздің шетелдегі табысты елшілеріне айналғанын айтты.

Айта кетейік, мемлекет басшысы қазір Павлодар облысында іссапарда жүр. Ол Үкіметке Павлодар облысын таза сумен қамту үшін қаржы бөлуді тапсырды.

Оған қоса, Үкімет жыл соңына дейін «Павлодар – Астана» бағытындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруі керек екенін айтты.

Кезедсуде президент қазақ қоғамы масылдық психологиядан арылып, адал еңбек етуі керек екеніне тоқталды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago