Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі шаралар жоспарын әзірледі.
Президент болуға үміткерлер кандидатурасын 23 қыркүйек пен 11 қазан аралығында ұсына алады. Ал 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында кандидаттың Конституция мен Конституциялық заң талаптарына қаншалық сай келетіні анықталады, қолдар жиналып, тексеріледі.
Сайлау науқаны 21 қазан күні сағат 18:00-ден 18 қарашаға дейін болады, яғни 28 күнге созылады. 19 қараша — үнсіздік күні, ал 20 қараша — дауыс беру күні. Сайлау 20 қараша күні сағат 07:00-де басталып, 20:00-де бітеді. 21 қараша мен 27 қараша аралығында алдын ала қорытындылар шығарылады. 27 қараша күні нәтижелер белгіленіп, сайланған президент тіркеледі,
деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров комиссия кеңесі отырсында.
Кандидаттарға мынадай талап қойылған:
- туған жері туралы ақпарат;
- Қазақстан аймағында кейінгі 15 жыл бойы тұруы;
- жоғарғы білімінің болуы;
- 40 жастан жас болмауы;
- сайлауға түсуге құқы болуы;
- мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымдарда 5 жылдан кем емес уақыт жұмыс ітеуі;
- мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі.
Оған қоса, кандидат сайлау жарнасы ретінде 3 миллион теңге төлеуі керек. Бұл — ең төменгі 50 жалақы мөлшеріне тең. Кандидат президент болып сайланса немесе дауыс беруге қатысқан адамдардың дауысының 5%-ін жинаса, бұл сома кандидатқа қайтарылады.
Кандидаттар мына құжаттарды ұсынуы қажет:
1) осы қоғамдық бiрлестiктi Республиканың Әдiлет министрлiгiнде тiркеу туралы құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып, президенттiкке кандидат ұсыну туралы қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы отырысының хаттамасынан үзiндiлер;
2) президенттікке кандидат ретінде қатысуға келісімі туралы өтініштер;
3) аумақтық сайлау комиссияларының кандидатты қолдаған азаматтардың жиналған қолдарын тексеру қорытындылары туралы хаттамалары;
4) кандидаттың өмірбаян деректері;
4-1) кандидаттың және оның жұбайының мүлкі мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамалары;
5) кандидаттың сайлау жарнасын қосқанын куәландыратын құжат;
6) денсаулығы туралы медицина қорытындысы.