Президент кандидаттығына үміткерлер 23 қыркүйектен бастап ұсынылады

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі шаралар жоспарын әзірледі.

Президент болуға үміткерлер кандидатурасын 23 қыркүйек пен 11 қазан аралығында ұсына алады. Ал 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында кандидаттың Конституция мен Конституциялық заң талаптарына қаншалық сай келетіні анықталады, қолдар жиналып, тексеріледі.

Сайлау науқаны 21 қазан күні сағат 18:00-ден 18 қарашаға дейін болады, яғни 28 күнге созылады. 19 қараша — үнсіздік күні, ал 20 қараша — дауыс беру күні. Сайлау 20 қараша күні сағат 07:00-де басталып, 20:00-де бітеді. 21 қараша мен 27 қараша аралығында алдын ала қорытындылар шығарылады. 27 қараша күні нәтижелер белгіленіп, сайланған президент тіркеледі,

деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров комиссия кеңесі отырсында.

Кандидаттарға мынадай талап қойылған:

  • туған жері туралы ақпарат;
  • Қазақстан аймағында кейінгі 15 жыл бойы тұруы;
  • жоғарғы білімінің болуы;
  • 40 жастан жас болмауы;
  • сайлауға түсуге құқы болуы;
  • мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымдарда 5 жылдан кем емес уақыт жұмыс ітеуі;
  • мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі.

Оған қоса, кандидат сайлау жарнасы ретінде 3 миллион теңге төлеуі керек. Бұл — ең төменгі 50 жалақы мөлшеріне тең. Кандидат президент болып сайланса немесе дауыс беруге қатысқан адамдардың дауысының 5%-ін жинаса, бұл сома кандидатқа қайтарылады.

Кандидаттар мына құжаттарды ұсынуы қажет:

1) осы қоғамдық бiрлестiктi Республиканың Әдiлет министрлiгiнде тiркеу туралы құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып, президенттiкке кандидат ұсыну туралы қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы отырысының хаттамасынан үзiндiлер;

2) президенттікке кандидат ретінде қатысуға келісімі туралы өтініштер;

3) аумақтық сайлау комиссияларының кандидатты қолдаған азаматтардың жиналған қолдарын тексеру қорытындылары туралы хаттамалары;

4) кандидаттың өмірбаян деректері;

4-1) кандидаттың және оның жұбайының мүлкі мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамалары;

5) кандидаттың сайлау жарнасын қосқанын куәландыратын құжат;

6) денсаулығы туралы медицина қорытындысы.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago