Орыстар үшін қатаң визалық режим енгізу керек — Шораев

«Ресей азаматтарының біздің шекарамызды кесіп өтуіне жол бермей, қатал визалық режим енгізуіміз керек!» Бұл белгілі кәсіпкер, қоғам белсендісі Арман Шораевтың пікірі.

Ресейдің алжыған президенті мобилизация жариялады. Егер қажет болса мен «ядролық қаруды» қолданамын деді. Бұл блеф емес деп қайталап, тоқталып өтті. Бұл жағдайда біз Ресеймен неше түрлі ОДКБ, ЕврАзЭС, Кедендік одақ бәрінен жедел түрде бас тартуымыз керек! Президентіміз жақын арада сондай шешімге қол жеткізуі керек!,

дейді Шораев.

Арман Шораевтың пікірінше, Путиннің жариялаған жоспары нағыз жеңілістің көрінісі. Бұл соғыста Украина жеңетініне толық сенімді екенін баса айтты.

Ресей Президенті жариялаған ішінара мобилизациядан кейін, осы 1-2 күнде елімізге келушілердің қарасы 1000-нан асты. Олар қарапайым халық. Бар жиған-тергенін жинап, әйтеуір елінен безгендер. Әлеуметтік желіде 10 км кептеліс пайда болған видеолар мен фотосуреттер жарияланды. Сондықтан тез арада бүкіл шекарамызда орыстар үшін қатаң визалық режим енгізу дұрыс деп есептейді Шораев.

Өйткені, 18-60 дейін Ресейдің ер азаматтары бәрі Қазақстанға қашуды жөн көреді екен. Оған жол бермеуіміз керек. Украина жеңеді! Бүгін Путиннің жариялаған жоспарлары сол жеңілістің ең мықты, әдемі көрінісі,

деп түйіндеді Арман Шораев.

Дегенмен Қазақстан ондай шектеуге бара алмасы анық. Себебі Қазақстан мен Ресей Еуразиялық экономикалық одақ құрамында. Екі ел арасында келісімдер мен шарттар бар. Құжаттарға сәйкес Ресей азаматтары еліміздің аумағына сапарлап келсе, оларға қатысты шектеу жоқ. Осы орайда болып жатқан жағдайға байланысты тиісті мемлекеттік органдар үдерісті өз бақылауында ұстап отыр. Ары қарай жағдайға байланысты ақылдаса отырып, тиісті мәселелер қаралады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 день ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 день ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 день ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago