Президент Орталық Азиядағы экономиканы жақсарту әдістерін айтты

Орталық Азия елдерінің бірыңғай тауар өткізу жүйесінің тірек нүктелері болатын шекара маңында сауда-экономикалық хабтар желісі іске қосылуы мүмкін.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV консультативтік кездесуінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көпжақты өзара іс-қимылдың берік экономикалық базасын қалыптастыру қажет екенін айтып өтті.

Кейінгі жылдары бұл бағытта жақсы нәтижеге қол жетті. Кейінгі 5 жылда Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы 42%-ке артып, 6,3 миллиард долларға жетті. Өзара сауда-саттықты кеңейту үшін зор мүмкіндіктер бар екенін ескере отырып, алдағы уақытта бұл көрсеткішті 15 миллиард долларға дейін жеткізуге ниеттіміз,

деді Қасым-Жомарт Тоқаев..

Ол санкциялар соғыстары мен өсіп келе жатқан протекционизмнің әсерінен болатын жаһандық құлдырау қаупі аймақтық экономикалық ынтымақтастықты үдемелі дамыту мәселесін бірінші орынға шығаратынын түсіндірді.

Барлық жерде өндірістік және сауда-саттық жеткізу тізбектерінің құлдырауы жағдайында аймақтандыру тенденциясы айқын көріне бастады. Осыған орай, бұл біздің елдер арасындағы сауда көрсеткіштері барлық қолда бар әлеуетті көрсетпейді.

Орталық Азия экономикалық кооперациясы, басты болмаса да, ең болмағанда, біздің ұлттық экономикаларымыздың өсуінің негізгі көздерінің біріне айналуы мүмкін. Экономикалық әлеуетті және тиімді географиялық жағдайдың артықшылықтарын толық пайдалану үшін құрылымдық және инфрақұрылымдық шектеулерді жою мақсатында тығыз өзара іс-қимылды жолға қою керек,

деді мемлекет басшысы.

Шекара маңындағы сауда-экономикалық хабтар желісін іске қосуға болады, олар — Орталық Азия елдерінің бірыңғай тауар өткізу жүйесінің тірек нүктелері. Олардың одан әрі кеңейту перспективасы болады. Қазақстан бұл бағытта қырғыз және өзбек серіктестерімен нақты қадамдар жасап жатыр. Атап айтқанда, қазақ-өзбек шекарасында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығы жобасы, қазақ-қырғыз шекарасында индустриялық сауда-логистика кешені іске асырылып жатыр.

Тәжікстанмен көтерме-тарату орталықтарын құру туралы келісім бар, ал Түркіменстанмен бірлесіп астық терминалын салуды жоспарлап отырмыз. Бұл жобалар өзара тауар айналымы көлемін ұлғайту үшін және өнімді ЕАЭО және басқа елдердің нарығына экспорттау үшін біздің ортақ мүдделерімізге сай келеді,

деп сөзін аяқтады Қазақстан президенті.
Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago