Президент Сауд Арабиясымен ынтымақтастықты кеңейту салаларын белгілеп берді

Президент Сауд Арабиясының іскер топтар өкілдерімен өткен инвестициялық дөңгелек үстелге қатысты. Бұл туралы Akorda.kz хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің келешек экономикалық дамуға деген көзқарасы ұқсас екенін айтты.

Saudi Vision-2030 бағдарламасы мен біздің «Қазақстан-2050» стратегиясы экономиканы әртараптандыру, шикізатқа тәуелділікті төмендету, адами капиталға инвестиция салу, түптеп келгенде, жоғары дамыған елдердің қатарына кіру арқылы ұлттық дамуға қол жеткізуді көздейді,

деді президент.
Фото: Аkorda.kz

Мемлекет басшысы Қазақстанда Сауд Арабиясының қолдауымен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және инфрақұрылым салаларында құны 120 миллион доллардан асатын бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылғанын жеткізді. Ол бұл сома екі елдің әлеуетіне сай келмейтінін айтып өтті.

Осыған байланысты мемлекет басшысы ынтымақтастықты кеңейтудің мейлінше перспективті салаларын белгілеп берді. Ең әуелі, бұл екіжақты сауда-саттыққа қатысты.

Біз жүргізген талдау бойынша, Қазақстан машина жасау, шойын және болат өндірісі және тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы сияқты салалар бойынша құны шамамен жылына 400 миллион доллар болатын шикізат тауарларының 100-ден астам түрін ұсына алады,

деді президент.

Қазақстан мен Сауд Арабиясының мұнай химиясы, атом энергетикасы, жасыл сутегі өндірісі салаларын дамыту, ғарышты зерттеу жөнінде және басқа да бағыттар бойынша жоспары бар.

Біз Корольдіктің Saudi Vision-2030 стратегиясы аясында өзінің ғарыштық бағдарламасын дамытуға деген ниетін қолдаймыз. Елдеріміздің ғарыш кеңістігін зерттеу және бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастыққа арналған құқықтық базасы бар.  Қазақстанның аэроғарыш саласын дамытатын тәжірибесі де, әлеуеті де жеткілікті. Біздің компанияларымыз осы салалар бойынша Сауд Арабиясының мемлекеттік және жеке компанияларымен өзара ынтымақтастық орнатуға дайын,

деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Туризм саласында да ықпалдастық орнатуға зор мүмкіндіктер ашылады. Соның ішінде, мемлекет басшысы Сауд кәсіпкерлеріне Қазақстанның туристік-рекреациялық жобаларын қарастырып көруді ұсынды.

Фото. Akorda.kz

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда инвесторлар үшін заманауи институционалдық орта қалыптасқанын еске салды.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстанның Сауд Арабиясымен арадағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге бейілді екенін растаймын. Бүгін осында бүкіл әлемде айтарлықтай табыстарға қол жеткізген Сауд Арабиясының ірі компанияларының басшылары қатысып отыр. Мен бәріңізді өзара тиімді негізде Қазақстанда бірлесе жұмыс істеуге шақырамын,

деді президент.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Сауда Арабиясының Спорт министрлігі арасындағы спорт саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум.

2. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Сауд Арабиясы Бұқаралық ақпарат құралдары министрлігі арасындағы БАҚ саласындағы ынтымақтастық жөнінде өзара түсіністік туралы меморандум.

3. «Сауд баспа ісі агенттігі» мен «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КеАҚ  арасындағы өзара түсіністік және ақпарат алмасу туралы меморандум.

4. Astana International Exchange Ltd. компаниясы мен Сауд қор биржасы (Tadawul) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

5. Ірі қара мен қой еті импортына қойылатын санитария-техникалық хаттама.

6. ҚР Энергетика министрлігі мен ACWA Power компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

7. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Ajlan & Bros Holding Group Ability компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.

8. «KAZBIOSORGO» ЖШС мен Ajlan & Bros Holding Group компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

9. «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен Ajlan & Bros Holding Group Ability компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.

10. «Оптоград» ЖШС мен Ajlan & Bros Holding Group Ability компаниясы арасындағы Қазақстаннан Сауд Арабиясына ет жеткізу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.

11. «KAZAKH INVEST Ұлттық компаниясы» АҚ мен Al Rajhi International for Investment (RAII) компаниясы арасындағы инвестициялар бойынша ынтымақтастық туралы меморандум.

12. «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен «Лулу Сауди Гипермаркетс» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

13. «Eurasia Invest LTD» ЖШС мен Jamjoom Pharma компаниясы арасындағы Қазақстаннан Сауд Арабиясына құрғақ қымыз жеткізу туралы келісімі.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

4 дня ago