«Жетісайдан келген Нұрагүл» және алтынмен пара-пар қант. Әлеуметтік желілерге шолу

Өткен аптада қазақ аудиториясы әлеуметтік желілерде Нора Джерутоның жеңісіне қуанды, Нұр-Сұлтанда үш жарым миллиард теңгеге сатылып жатқан саяжайға тамсанды және тойда ұтысқа қойылған 25 кг қантты әжуалады.

Өткен аптаның басты жаңалығы кениялық Нора Джерутоның АҚШ-та өткен жеңіл атлетикадан Әлем чемпионатында Қазақстан атынан өнер көрсетіп, ел тарихында алғаш рет алтын жеңіп алуы болды. Көпшілік спортшының қара нәсілін меңзеп, «жетісайлық қызымыз» деп әжуалаған жазбалар қалдырды. Дегенмен, Нораның жеңісіне қуанған жазбалар теріс пікірлерден (өз спортшыларымызды неге алға сүйремейміз, шетелдік спортшыларға неге миллиондап ақша құямыз, бұл қазаққа не береді) әлдеқайда көп болды. Көпшілік Нора Джерутоның алда сан мәрте Қазақстан туын желбіретініне сенеді.

Көпшіліктің талқысына себеп болған тағы бір тақырып — Нұр-Сұлтанда үш жарым миллиард теңгеге сатылып жатқан зәулім саяжай. Кейбір инсайдерлер бұл саяжай экс-президентке тиесілі деп жазды. Есепке жүйрік кейбір жұрт бұл ақшаға орта есеппен елорда орталығынан 150 пәтер немесе 300 пәтерлік тұрғын үй кешенін салуға болады десті. Дегенмен, пікірлердің басым бөлігі «Келесі айлыққа ала салсам ба екен?» «Мына ақшаны санағанша түкірігің кұрғайтын сияқты ғой», «Қашан көруге болады?» деген сарындағы әзіл-қалжың, әжуаға толы болды. Пікір жазушылардың бір бөлігіне тұңғыш президенттің үйін сатып, қайда кетпекші екені қызық болды.

Елдегі тойлардың бірінде ұтысқа 25 келі қант қойылған бейнежазба аудиторияны екіге бөлді. Бірі «ұтысқа тамақ қою — жеткен жеріміз осы болды» десе, бірі той иелерінің әзілі жарасқан, прагматикалық адамдар екенін айтты. Сондай-ақ, бір қолға 2 келіден көп қант ала алмай жүрген заманда той иелерінің мұнша қантты қайдан алғаны қызықтырды.  

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago