Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы мемлекет басшысына ұйымның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді,
делінген хабарламада.
Кездесуде халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттарындағы ауқымды мәселелер қарастырылды.
Айта кетейік, бұған дейін ҰҚШҰ Бас хатшысы Қазақстанға келетінін хабарлаған едік.