Президент Рим папасына Қазақстанға келгеніне ризашылық білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Рим папасы Францискпен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кездесу алдында понтификті Президент сарайында ресми қарсы алу рәсімі болды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің мемлекеттік әнұраны шырқалды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Рим папасы Құрмет қарауылының алдынан өтіп, екіжақты келіссөз жүргізу үшін «Шығыс» залына барды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Католик шіркеуінің басшысына ілтипат көрсете отырып, Қазақстанға келгені үшін ризашылығын білдірді.

Сіздің Қазақстанға, жалпы айтқанда, Орталық Азия аймағына алғашқы апостолдық сапарыңыз менің отандастарымды қай дінді ұстанатынына қарамастан зор қуанышқа бөледі. Сіздің бұл сапарыңызды қайырымдылық пен әділдік жолындағы рухани көшбасшылықтың жарқын үлгісі ретінде бағалаймын. Қасиетті Иоанн Павелдің Қазақстанға жасаған тарихи сапары 2001 жылы қыркүйекте, сол жылғы 11 қыркүйекте бүкіл әлемді ауыр күйзеліске түсірген АҚШ-тағы террорлық актіден кейін болды. Оның символдық мәні зор еді,

деді мемлекет басшысы.

Президент Рим папасының сапары халықаралық аренадағы жағдайдың шиеленісуі мен әлемдегі ауыр геосаяси ахуал аясында өтіп жатқанына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Католик шіркеуі басшысының Қазақстанға келуі және оның Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезіне қатысуы өте маңызды оқиға екенін айтып өтті. Президенттің айтуынша, Рим папасы бейбітшілік пен өзара түсіністікке шақыратын бастамаларға себепші болуы мүмкін.

Өзара сенім мен құрмет көрсету жағдайында өткен кездесуде мемлекет басшысы мен Рим папасы конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты, Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастықтың даму перспективаларын ілгерілетудің өзекті мәселелерін талқылады және қазіргі заманның сын-қатерлері жөнінде пікір алмасты.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago