Шетел басылымына шолу

Пригожинді ақтық сапарға шығарып салуға әскерилер келген жоқ

Осыдан бірнеше күн бұрын Ресейде жеке ұшағы құлап, қаза тапқан«Вагнер» жеке әскери жасағаның жетекшісі болған Евгений Пригожин Санкт-Петербургтегі Пороховский зиратына жерленді, деп хабарлайды Bugin.kz.

Оны соңғы сапарға туған-туыстары мен жақындары ғана шығарып салған.

Жерлеу болатыны туралы Ресей билігі ешқандай мәлімде жасамады.

Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. БАҚ-тың мәліметіне қарағанда, Пригожинді ақтық сапарға шығарып салуға оның туыстары мен өте жақын достары ғана барған. Жерлеу рәсіміне куә болған зираттың қызметкерінің айтуынша, Пригожинмен қоштасуға небәрі 20-30 адам ғана келген. Әскери киімдегі адамдар болмаған.

«Вагнер» компаниясының экс-басшысының денесі әкесінің қабірінің жанына қойылған. Бұған дейін Пригожиннің орынбасары болған Валерий Чекалов та жерленген болатын.

Еске сала кетсек, 23 тамызда Пригожиннің жеке ұшағы белгісіз жағдайда апатқа ұшырап, бортта болған 10 адамның бәрі қаза тапты.

Дмитрий Песков ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында Пригожиннің өліміне Кремль қатысты болуы мүмкін деген мәлімдемені «өтірік» деп атады.

Фото: Андрей Любимов / РБК
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago