Алматы-Шелек-Қорғас тас жолындағы көктайғақ салдарынан адам қаза тапты. Алматы облысының прокуратурасы осыған байланысты трассаның жай-күйіне жауаптыларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қылмыстық Кодекстің 353-бабының 3-бөлігі бойынша «көлікте қолданылатын ережелерді бұзу, абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған» сотқа дейінгі тергеу басталды.
Прокуратура «Алматы-Шелек-Қорғас» республикалық трассасының 165-шақырымында жол апаты салдарынан бір адам қаза тапқан қызметкерлерді жауапқа тартуға ниетті.
Прокуратура бұл апаттың негізгі себебі көктайғақ және «ҚазАвтоЖол»ҰК»АҚ жол жабынын уақытылы тазаланбауы деп санайды.
ҚР «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, жол органы мен автомобиль жолдарын басқарушылар қызмет көрсетілетін автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды көлік құралдарының үздіксіз және қауіпсіз өтуін қамтамасыз ететін жағдайда ұстауға жауапты болады.