Прокурорлар Жетісудағы жерлерді пайдаланудың заңдылығын тексерді. Нәтижесінде Панфилов ауданында инвестициялық жобаларға бөлінген 11 мың га жердің дұрыс пайдаланылмағанын анықтады.
Прокурорлардың айтуынша, бұл аумаққа салынуы тиіс нысандардың әлі күнге дейін бірде-бір кірпіші қаланбаған. Прокурорлық қадағалау бойынша Панфилов ауданында инвестициялық жобаларға бөлінген 11 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді қоғамдық мақсатта пайдаланылмақ.
Көпшілік шағымданған соң, прокурорлар аумақты мемлекет меншігіне қайтару үшін тынымсыз жұмыс істеген. Құзырлы орган өкілдері аймақта 11 мың гектар жердің игерілмей жатқанын анықтап, қоғам игілігі үшін беруге ықпал жасаған.
Шолақай ауылының тұрғыны Болатбек Қалиевтың айтуынша, бұл жерлерге әркім келіп қожайын болған. Олар «Мына жерге жаймаңдар жекеменшігіміз шабамыз, баз саламыз» деп айтқан. Енді ауыл тұрғыны «Тақыр жерге жайылған мал тоймайтын еді, енді малымыздың өңі кіретін болды» деп қуанып отыр.
Прокурорлардың айтуынша, Шолақай ауылы тұрғындарының жайылымды қоғамдық меншікке қайтара алмай жүргеніне екі жыл болған. Елді мекен жанындағы 1200 гектар жер кезінде инвестициялық жобамен жекеменшікке беріліп кеткен.
Панфилов ауданының аумағында 40 инвест жоба жүзеге асырылған. Тексеру нәтижесінде алтауы іске асырылмаған соң біз жергілікті атқарушы органға қадағалау актісін енгізіп, инвестициялық жобаға алған жер учаскесін қайтардық, ол жер 12 мың гектарға жуық екен. Кадастрлық құны 90 млн шамасында,
дейді Панфилов ауданының прокуроры Бауыржан Тойбаев.
Қазір ауданда жайылымдық жер мәселесі шешілді. Панфилов ауданына қарасты 14 ауылдық округтің сұранысы қанағаттандырылды. 70 мыңнан астам жер қоғамдық жайылым үшін берілді. Бүгінде мемлекет меншігіне қайтарылған жерлердің құжаттары жасалып жатыр. Құжат мәселесі толықтай шешілсе, ауыл тұрғындары малын өріске емін-еркін жібереді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…