Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Ғылым > Психолог неліктен кей ер адамдар өзінен үлкен әйелдерге құмар екенін айтты
Ғылым

Психолог неліктен кей ер адамдар өзінен үлкен әйелдерге құмар екенін айтты

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 11.04.2023
Обновлено 11.04.2023 в 03:04
Поделиться
Поделиться

Махаббат жасқа қарамайды. Оны шоу-бизнес жұлдыздары да дәлелдеп жүр. Көпшіліктің ойынша, жұпта ер адам әйелден үлкен болуы керек. Алайда қазір жұпта әйелдің еркектен үлкен болуы да жиі кездеседі. Неліктен кейбір ер адамдарға өзінен үлкен әйелдер ұнайды? Massaget.kz тілшісі отбасылық психолог Аяулым Өмірғалиқызының пікірін алды.

Барлық жағдайда емес, бірақ көбіне ер адамды өзінен үлкен әйелдің мынадай қасиеттері баурап алады:

  • Жасы үлкен әйелдер өмірден не қалайтынын біледі;
  • Өмірлік тәжірибесі бар;
  • Өмірге көзқарасы басқаша;
  • Өзін-өзі бағалауы жоғары;
  • Талғамы жақсы;
  • Жақсы әңгімелеседі;
  • Жас қыздарға қарағанда қамқор келеді;
  • Тамақ жақсы пісіреді;
  • Сабырлы әрі салмақтырақ;
  • Үлкен әйел «жабыспайды».

Психолог Аяулым Өмірғалиқызының айтуынша, көпшілік қыздар «әйел болуды» білмейді.

«Психологиялық тұрғыда қарайтын болсақ, нәзік жандыларда «қыз», «әйел» және «апа» процесі болады. Ал көп әйелдер «қыз» процесінен бірден «апа» процесіне өтіп кетеді. Олар «әйел болуды» білмейді, оны үйренбеген», — дейді психолог.

Маман қыздардың «әйел бола алмауына» көптеген факторлар әсер ететінін айтты.

Қандай да бір қызға «әйел болу» қиын болуы мүмкін. Мысалы, анасы қиналған немесе таяқ жеген, әкесі анасын тастап кеткен немесе көзіне шөп салған, осының бәрін қыз көрген болса, ондай қыз әйел болғысы келмейді. Ол бірден апа жағдайына өтіп кетеді. Мұндай типтегі әйелдің қасындағы еркек те дамымайды. Мысалы, ол ақша таппайды және т.б,

деді ол.

Психолог Аяулым Өмірғалиқызы әр әйелге өз-өзімен жұмыс істеуге және өзін жақсы көруге кеңес берді.

Ер адамды әйелдің энергиясы тартады. Әрине, барлығы емес, бірақ жасы үлкен болса да, кей әйелдер «әйел болуды» біледі және өздерінің әйелдігін жақсы көреді. Сондықтан да оларға еркектер тартылады,

деп қорытындылады психолог.

Осыған дейін ерлі-зайыптылардың жас айырмашылығы отбасылық өмірге қалай әсер етуі мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Анара Бауыржанқызы 11.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҒылымРуханият

Білікті маман жауапты қызметке тағайындалды

15.04.2024
ҚоғамҒылым

TikTok Қазақстанда төрт миллионнан астам бейнежазбаны өшірді

27.03.2024
ҒылымҚоғам

Әлемнің ең қымбат брендтері аталды 

15.03.2024
ҒылымШетел басылымына шолуШолу

«Роскосмостың» күні бітуге жақын

05.03.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?