Ресей президенті Владимир Путин 27 сәуірде Түркияда алғашқы атом электр станциясының ашылу салтанатына қатысуы мүмкін. Түрік басшысы Режеп Тайип Ердоған осылай деп мәлімдеді.
Түркиядағы алғашқы «Аққу» атом электр станциясын «Росатом» компаниясы салған.
27 сәуірде Путин келуі мүмкін, немесе ол онлайн форматпен байланысқа шығады,
деген Ердоған ATV түрік телеарнасына берген сұқбатында.
17 наурызда Гаагадағы Халықаралыұ қылмыстық сот Владимир Путинді, сонымен бірге Ресейдің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Мария Львова-Белованы ұстауға шешім шығарды. Сот Путин мен Львова-Белованы Украинада басып алған жерлердегі балаларды Ресейге мәжбүрлеп депортациялауға тікелей жауапты деп есептейді.
Түркия Халықаралық қылмыстық соттың Рим мәртебесін мақұлдаған 118 елге жатпайды, сол себепті Ресей президентін ұстауға міндетті емес.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…