Categories: Қоғам

Маңғыстауда жүзге жуық адам жұмыссыздық салдарынан аштық жариялады (видео)

Маңғыстау облысы, Жетібай кентіндегі ереуілшілер төртінші күн қатарынан аштық жариялап, далада түнеп жүр, деп жазады Азаттық.

Ауыл тұрғындары жұмыссыздық салдарынан аштық жариялаған.

Олардың жалғыз талабы – «Маңғыстаумұнайгаз» серіктестігінің мұнай кәсіпшілігінен оларға бос жұмыс орындарын ашып беруі.

Ереуілшілер тіпті кен орнына баратын жолды жауып тастаған.

балаңа бір зат алып берейін десең, қолыңда дым жоқ. Қыл-аяғы бес мың теңге. Не істейсің? Осында жүресің халық арасында. Түнде ұйқыдан тұрасың. Балаңды сағынасың, ештеңе істей алмайсың. Қолыңнан дым да келмейді,

дейді наразылыққа шыққан азаматтардың бірі.

Кішкентай балаларына бір үзім нан апара алмай жүрген көп балалы аналар биліктен жұмыс тауып беруін сұрайды.

Журналист Сәния Тойкеннің Жетібайдан жазғаны:

Түнгі 12-де жеттік мұнайлы ауылға. Жүдеп -жадап, азып -тозған жетібайлықтар бәріне бел буған.Мұнайлы ауылдың тұрғындарының халі осындай десе басқа ел сенбес. Ақша сұрап отыр дейтін болар. Олай емес жұмыс керек халыққа. Кеше Тоқаев “ мәселені жергілікті жерде шешсін” дей салды. Үш күннен бері облыс әкімі Ноғаев емес (уровеніне сай емес шығар) басқа ұсақ шенеуніктер келіп қоқаңдағаннан басқа ешнәрсе шешілмеген. Жергілікті жерде қалай шешеді мұнайдың бар кілті сол қалпы бұралмастан Назарбаев отбасы қолында тұрса? Мұнай контрактілерін ашатын, елге үлес беретін кез келді. Енді ештеңе бүрынғыдай болмайды. Ештеңе!  Мына жас жігіт көзінің жасын іркіп әзер сөйледі. Ол да, басқалар да, билік те шетке шықса Қазақстан қазба байлықтың бәрі бар деп кеуде соғады. Қандай пайда?

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago