Путин шіркеуде рождествоны жалғыз қарсы алды. Түнде емес, күндіз. Достарсыз, семьясыз, баласыз.
Тіпті күзетшілері де жоқ жанында. Ол – жалғыз қалды. Оның дәурені аяқталуға жақын.
Путиннің паранойясы күшейіп барады.
Өз күзетшілерінен өлердей қорқа бастады. Өйткені өзінің не бүлдіргенін біледі. Өзін элиталар қаншалықты жек көретінін түсінеді. Тіпті шіркеуде қызмет еткен дьяконға да сескене қарап, үркіп тұрды.
– Ортанқол шенеуніктердің өзі қайда барса да қасына бір топ нөкерін ертіп жүруші еді. Путиннің шіркеуде жалғыз тұрған видеосын саяси технологияның мамандары әдейі таратып жіберді. «Ол жалғыз. Ұрыңдар, атыңдар оны» деген белгі. Көз алдымызда сарай төңкерісі пісіп-жетіліп жатыр. Осы наурызда Ресейдің ішінде ұлы өзгеріс болғалы тұр. Путин бітті! Римнің ғана емес, орыстың тарихында да талай нәрсе наурыз айында болған. I Николай 1855 жылдың наурызында өлген, Қырым соғысында оңбай жеңіліп жатқан кезінде. I Павелді 11 наурызда өлтіріп кеткен. Сталин де наурызда өлген. Горбачев билікке наурызда келді. Ендеше Ресейдегі үлкен өзгеріс осы наурызда болады,
дейді тарихшы Дмитрий Чернышевский.