Ресей президенті Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне қатысу үшін Қазақстанға келеді.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Сондай-ақ ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесін өткізу жоспарлануда. Ресей президенті қазан айының ортасында келеді деп күтіледі.
Аталған шаралар 12-14 қазанға жоспарланған.
Ресей президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаковтың мәлімдеуінше, Владимир Путин Нұр-Сұлтанда өтетін Азиядағы ынтымақтастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске және ТМД саммитіне қатысады.
Сондай-ақ Ресей президенті көмекшісінің айтуынша, Қазақстанға сапары барысында Путиннің кездесуін «Ресей – Орталық Азия» форматындағы жоғары дәрежеде өткізу жоспарланып отыр.