Ресей президенті Владимир Путин 29 қазанда Махачкала әуежайындағы тәртіпсіздіктерге батыстық барлау агенттіктері қатысқанын айтты.
Путиннің Дағыстандағы жағдайда шетелдіктерді кінәлады.
Махачкаладағы оқиғалар Украинаның, батыстық барлау агенттігінің ұйымдастыруымен жасалды. Палестинаға көмектесеміз деп дағыстандықтарға шабуылдауға бола ма?! Палестинаға көмектесу үшін оған кінәлілермен күресу керек,
деді Путин.
Ресей Федерациясының президенті Таяу Шығыстағы қақтығысты ұйымдастырушылар өзара жеккөрушілік ояту үшін осындай әдістер қолданады деп мәлімдеді.
Қазір Газа секторында болып жатқан қорқынышты оқиғаның кесірінен жүздеген мың жазықсыз адам көз жұмуда. Олардың тығылатын, жасырынатын жері жоқ. Қанға боялған алаң, мерт болған балаларға, әйелдердің қалай зардап шегетініне, қарттардың қиналғанына, дәрігерлердің қалай өлетініне қарасаңыз, әрине, көзіңізге еріксіз жас келеді,
деді Ресей басшысы.
Ол әлемдік тұрақсыздықты АҚШ ұйымдастырып отырғанын айтты.
Айта кетейік, 29 қазанда кешке Махачкала әуежайына Тель-Авивтен келген рейсті жергілікті тұрғындар басып алып, еврейлердің кетуін талап етті. Тұрғындар тәртіпсіздік орнатып, әуежай мүлкін сындырған. Ресей ІІМ-нің соңғы мәліметтері бойынша 83 адам ұсталды.