Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Иран президентін жерлеу рәсіміне баратын жоспары жоқ екенін айтты.
Бұл туралы Би-си-си хабарлады.
Кеше Путин Иран президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохберге телефон шалып, сол елдің рухани жетекшісі Аятолла Әли Хаменеиге ашық үндеу жолдаған болатын.